Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Макроэкономикалық көрсеткіштерді арттырып қана қоймай, әрбір қазақстандықтың жағдайын жақсартатын уақыт келді – Б.Байбек

Макроэкономикалық көрсеткіштерді арттырып қана қоймай, әрбір қазақстандықтардың жағдайын жақсартатын уақыт келді, деп мәлімдеді бүгін астанада өткен «Қазақстан 2050» демографиялық күштерінің жалпыұлттық коалициясының отырысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Нұр-Сұлтан23 Қаңтар , 13:50

«Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайының отыз-елу жылдан кейін емес, жыл санап жақсаруы керек екенін айтты. Тек қана  макроэкономикалық көрсеткіш бойынша өспей нақты ел жағдайының, әр адамның жағдайының жақсаратын  уақыты келді»,- деді Б. Байбек.

Оның айтуынша, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы  өте маңызды. Өйткені осы сектор экономканың қозғаушы күші болып табылады және жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіппен айналысуына мүмкіндік беріледі. 




Яндекс.Метрика