Басқару

Тоқаев белгілі археолог Зейнолла Самашевты қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі археолог Зейнолла Самашевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан14 Тамыз , 15:58

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан ғылымының кейбір мәселелері, соның ішінде соңғы жылдары ашылып жатқан ғылыми жаңалықтар, археологиялық зерттеулер, мамандар даярлау жұмысы жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар, Зейнолла Самашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шығыс Қазақстан облысындағы сақ дәуірінің алғашқы кезеңіне жататын қоныстардағы қазба жұмыстары, Берел қорғанындағы археологиялық зерттеулердің қорытындысы және шетелдік ғалымдармен әріптестік туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы тарихи зерттеулердің маңыздылығына тоқталып, соңғы жылдары отандық археология саласында белгілі болған тың деректерді Қазақстанның ежелгі, ортағасырдағы тарихының жылнамасына енгізу қажеттілігін атап өтті.  

 




Яндекс.Метрика