Өңірлер

Ел өңірлерінде 100-ден астам «инватакси» жұмыс істейді – ЕХӘҚМ

Ел өңірлерінде 100-ден астам «инватакси» мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсетуде, деп ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік көмек департаментінің міндетін атқарушы Айгүл Табергенова мәлімдеді.
Казахстан23 Қаңтар , 15:54

«Мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының бастамасымен біз инватакси қызметін қолданамыз. Қазіргі таңда облыста 102 «инватакси» қызмет істейді. Жыл сайын 190 мың өтініш әлеуметтік көмек көрсету бойынша келіп түседі», - деді А. Табергенова.

Сондай-ақ, ол 2014 жылдың бюджетінде бұл бағытқа 90 млн теңге қарастырылған.

Оған қоса, әлеуметтік мекемелердің қолжетімділігі, көлік пен мүгедектерге арналып кедергілер шеттетілді.

«Соңғы екі жыл ішінде жергілікті  атқарушы органдар 18 мың әлеуметтік нысанға тексеріс жүргізді. Оның қорытындысы бойынша, 14,5 мың нысанда  мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы өтпе салынған», - деді А. Табергенова. 




Яндекс.Метрика