Адами капитал

Мемлекет басшысының идеологиясы халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған – В.Косарев

Мемлекет басшысының идеологиясы халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған, дейді «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі Владислав Косарев ОКҚ брифингінде.
Нұр-Сұлтан23 Қаңтар , 15:45

«Әр Жолдау – өткеннің пәлсапалық қорытындысы мен болашақтың міндеттемелер жиынтығы. Мемлекет басшысының идеологиясы халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған. Қазақстан – Жалпыхалықтың еңбек қоғамы, мұнда барлық игілік адамдарға ұсынылатын экономикалық қуатты мемлекет. Біздің елде үздік денсаулық сақтау, білім беру бар, бейбітшілік салтанат құрып, азаматтардың бәрі тең құқылы, ал билік әділетті», - дейді В.Косарев.

Оның айтуынша, әр қазақстандық өзінің отанына, өзінің туып өскен еліне қызмет етуі керек. Әсіресе жас толқын қажыр-қайраттарын қайрап, жарқын болашақ жолында тер төгуі керек.

«Менің пікірімше, барлық адамдардың еңбек ете алуы үшін ауыл әкімдігінен бастап Үкіметке дейінгі мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік аппарат жағдай жасайды. Аталмыш қызметтерде жұмыс істейтін шамамен жалпы саны 75 мың адам мемлекетіміздің гүлденуі, қоғамымыздың дамуында ең алдымен өзін жауапты сезінуі керек. Біздің еліміздің байлығы ел қызығарлық көп. Алайда болашақта бұдан да үлкен жетістіктерге жете аламыз. Қазіргі таңда шамамен 5 тонна мұнай, 8 тонна көмір адам басына шаққанда өндіріледі. Түсті метал қоры да аз емес. Осының бәрінің игілігін көру үшін жұмыс күші еңбек етуге қызығушылық таныту керек», - дейді фракция төрағасы.




Яндекс.Метрика