Басқару

Мемлекет басшысы Смағұл Елубайды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан12 Тамыз , 18:08

Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиеті мен отандық кино өнерінің дамуы талқыланды. Мемлекет басшысына алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын тойлау аясындағы шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті төл мәдениетіміздің өркендеуі ұдайы назарда болатынын айтып, сапалы әдеби туындылар мен кинофильмдерді жарыққа шығарудың маңыздылығын атап көрсетті. 

 




Яндекс.Метрика