Астананың жанындағы ауыл халқы 160 мыңға жетті

Астана сыртындағы ауылдардың халқы 160 мыңға жетті, деп хабарлайды «Астанабасжоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтының» ЖШС директорының орынбасары Гүлнар Құсайынова.
Нұр-Сұлтан23 Қаңтар , 15:26

«Астана аумағында орналасқан елді-мекендердің жалпы саны 80. Онда қазіргі таңда шамамен 160 мың тұрғын бар. Аталмыш елді-мекендердегі халық саны 2035 жылы 236 мыңды құрайды деп болжануда. Яғни алдағы 20 жылда бар болғаны 80 мыңға ғана көбеймек», - дейді директор орынбасары.

Алайда қазірдің өзінде халық саны 2015 жылға жоспарланған көрсеткіштен асып түседі.

Г.Құсайынованың айтуынша, Астанаға жақын жерлердегі халық саны өзгелерге қарағанда қарқынды көбейіп келе жатқан көрінеді. Транспорттық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы аталмыш елді-мекендердің сұранысын қанағаттандырып үлгере алмауда.

«Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен біз Ақмола облысының Аршалы, Шортанды, Целиноград аудандары аумағында аудандық жоспар жобасын ұйымдастыру арқылы қала сыртындағы жерлерді қала құрылысы бойынша реттеу бөліміне енгізу туралы нақты ұсыныстар дайындадық», - дейді Г.Құсайынова.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы тарапынан алға қойылған жаңа тапсырмаларды ескере отырып Астана қаласы маңайындағы аталмыш 80 елді-мекеннің бас жоспарын дайындау жұмыстары жасалмақ.




Яндекс.Метрика