Экономика

«Ауыл – ел бесігі»: 2025 жылға дейін ауылда не өзгереді

«Ауыл – ел бесігі» ауылдарды дамыту, инфрақұрлымын жақсарту жобасы – «Нұр Отан» партиясының XVIII сьезінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев бастамасымен іске қосылған болатын. 2019-2021 жылдарды қамтыған жобаға жыл сайын 30 миллиард теңге бөлінбек. Оған қосымша, биылғы жылы осы жобаға жергілікті бюджеттен 4 миллиард 700 миллион теңге бөлінді. Аталмыш шараның бағыттары және жоба механизмдері туралы төмендегі материалда.
Нұр-Сұлтан08 Тамыз , 12:40

«Ауыл – ел бесігі» жобасы 2025 жылға дейін ұзартылды

ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Ермек Алпысов елді мекендерді дамыту бағыттары туралы айта келе «Ауыл – ел бесігі» жобасы 2025 жылға дейін жалғасатынын жеткізді.

«Қазақстандықтардың жалпы саны 18 миллион 400 мың адамға жуық. Соның ішінде қалала тұрғындарының саны 10 миллион 700 мыңға жетеді. Ал, ауылды жерлерде 7 миллион 700 мың адам тұрады. Ауыл халқының үлесі қазіргі таңда елімізде 42 пайызды құрап отыр. Ауылдық аймақтарды дамыту, өңірлерді дамыту бағдарламасы бірнеше бағыттардан тұрады. Бірінші бағыты функционалды қалаларды жаңғырту. Оған Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қалаларының маңайындағы еліміздегі ең үлкен 4 агломерация кіреді.  Сонымен қатар 13 облыс орталығы мен Семей қаласы. Екінші бағыт – моно және шағын қалалалар. Үшінші бағыт - ауылдық елді мекендерді дамыту, соның ішінде тірек ауылдардың инфрақұрлымын, тұрғындардың өмір-салтын жақсарту. Мұндағы ең басты мақсатымыз ауылдық елді мекендерді дамыту. Елбасының тапсырмасымен іске қосылған «Ауыл – ел бесігі» жобасы 2025 жылға дейін жалғастырамыз деп отырмыз. Ал, қазіргі таңда 2024 жылға дейінгі жаңа «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын әзірлеп отырмыз. Сонымен қатар оған «Ауыл – ел бесігі» жобасы мен «Моно және шағын қалаларды дамыту» жобасы сияқты жобаларды аталмыш бағдарламаға кіргізіп жатырмыз», - ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Ермек Алпысов.

Ауылдарды дамыту мақсатында іске асатын «Ауыл – ел бесігі» жобасына биыл 53 елді мекен қатысады. Онда тұратын тұрғындардың жалпы саны 700 мыңға жуық.

«Жалпы, биылғы жобаға қатысатын 53 елді мекендер ірі ауылдар болып саналады. Онда қазіргі таңда 700 мыңдай адам тұрады. Әр сала бойынша 452 жобаны іске асыратын боламыз. Жобаға мемлекеттік бюджеттен 30 миллиардтан астам қаржы бөлінді. Сонымен бірге жергілікті облыстық бюджеттен 4 миллиаард 700 миллион теңге жұмсалатын болады. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен мол қаражат бөліп жатқан облыстардың ішінде: Атырау (84%), Қарағанды (32,5%), Алматы (16%), Ақтөбе (19,3%)облыстары белсенділік танытып отыр.  Осы жобалар іске қосылғанда 4600 жұмыс орны ашылады, 73 мектеп пен балабақша жөнделетін болады. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары басталып та кетті. Сонымен бірге 14 емхана, 47 спорттық-мәдени нысандар жөнделетін болады және 13 спорттық объектілердің құрылысы басталды. Ауылды елді-мекендердің ішіндегі 516 шақырым жол жөнделетін болады. Сондай-ақ, су, газ, жылу тартылу қарастырылған», - деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.

Министрлік тарапынан осы жылы енгізілетін жаңа әдістемеге сай, келесі жылдан бастап кластерлік тәсілдер қолданылатын болады.

2025 жылға дейін 6,6 миллион ауыл тұрғыны сапалы инфрақұрлымға қол жеткізеді. 3 477 ауылдың әлеуеті бар

«Мәселен, осы әдістемемізге сай Шортанды ауылы айналасында орналасқан басқа да кішігірім ауылдарға негізгі тірек ауыл болып саналады. Сол трек ауылындағы мемлекеттік қызмет түрлерінің бәрін айналасындағы барлық ауылдар ала алады. Біз ол ауылдарлдың арасындағы жолдарды жөндейтін боламыз. Солтүстік облыстарда ауылдардың арасы 15 шақырымдай болып келеді, оңтүстікте 10 шақырымдай. Жарты сағат ішінде тұрғындар жалпы негізгі қызмет алу үшін тірек ауылға жете алатындай мүмкіндіктер жасалады. Кей ауылдарда мектеп болмаса, тірек ауылында мектеп-интернат салынып, басқа ауылдардағы балалар барып оқи алатындай болады. Мұндағы мақсат өңірлерді дамытуға бөлінген қаржыны тиімді жұмсау», - деді ол.

ҚР Ұлттық экономика министрі Ермек Алпысовтың сөзінше, еліміздег  6 454 ауылдың  3 477 мыңға жуығының ғана даму әлеуеті бар екен. Оның ішінде 1150 тірек ауыл болса, қалған 2327-сі серік (спутникті) ауылдар немесе шекаралас елді мекендер болып есептеледі.

«2025 жылға дейін 6 миллион 600 мың ауыл тұрғындарын жақсартылған инфрақұрлыммен қамтамассыз ететін боламыз. Бұл орта есеппен алғанда еліміз бойынша ауыл тұрғындарының 85 пайызы. Жалпы алғанда Қазақстанда 6 454 ауыл бар. Біздің министрлік осы көрсеткіштерге талдау жасай келе даму әлеуеті бар 3 477 елді мекенді іріктеп алды. Аталған тізімдегі 101 ауылдағы халық саны 10 мыңнан асып тұр. "Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" заңға сәйкес, егер елді мекендегі халық саны 10 мыңнан асатын болса, оны қала санатына жатқызалды. Өйткені, жыл сайын біз әдістемеге сай іріктеп отырамыз. Ауылдардың саны азаюы мүмкін», – деді вице-министр.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 10 жылда 60 мың адам көтерме жәрдемақы алған. Биылғы жәрдемақы - 252 мың 500 теңге

Вице-министр сөзінше ауылға келген 90 пайыздан астам мамандар әрі қарай ауылда қалып жұмыс жасап жатыр. Отбасы жағдайына немесе әртүрлі себептерге байланысты көшкендер де бар. Негізгі аталмыш жоба арнайы ауылдық жерлерге нақты көмек бере алу мүмкіндігі зор жоба. Арнайы мамандарға да көмек көрсетеді.

 «2009 жылы, яғни 10 жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаев білікті мамандарды ауылға тарту бойынша тапсырма берген "Дипломмен ауылға" жобасының негізгі мақсаты - әлеуметтік қолдау көрсету арқылы ауылдық жерлерде әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын ынталандыру мен бекітуді көздейді. Бұл жобаға қатысушылар - денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласында жұмыс істейтін дипломы бар мамандар. Дипломмен ауылға баратын мамандар алатын көтерме жәрдемақы көлемі 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Осы жылы оның көлемі - 252 мың 500 теңге. Осы уақытқа дейін он жылдың ішінде көтерме жәрдемақыны 60 мыңнан астам адам алды. Оған қоса мамандарға 3,8 млн теңгеге дейін баспана алу үшін бюджеттік жеңілдетілген несие беріледі», - деді Ермек Алпысов.

Ауылға келетін мамандарға 0,01 пайызбен 15 жылға бюджеттік несие беріледі

Әлеуметтік қолдау шараларымен қатар пәтер алу үшін бюджеттік несие беріледі. Жалпы он жыл ішінде 70 миллиард теңгеден астам қаржыға  27 500 адам бюджеттік несие алған. Жыл сайын осындай несие алғысы келген адамдар саны артып келеді. Бұл несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 15 жылға 0,01 пайыз. 10 жыл ішінде ауылға келіп жұмыс істеген 60 мыңнан астам маманның 70 пайызы мұғалімдер, 30 пайызға жуығы дәрігерлер, әлеуметтік қаматамассыз ету саласы бойынша мамандар 1 пайыз, ал, мәдениет және спорт саласындағы мамандар 4 пайызды құраған.

«2019 жылы көтерме жәрдемақы алатын мамандар саны 1 176 маманға көбейеді деп жоспарлануда. Оған 1 миллиард 300 миллион теңге қарастырылған. Осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 5 170 маман алды көтерме жәрдемақыны. 2019 жылы 3 мыңнан астам мамаман тұрғын үй сатып алу үшін 14 миллиард 800 миллион теңге бөлінетін болады. Бірінші маусымдағы көрсеткіш бойынша 2527 маман үй алу үшін бюджеттік несие алды», - деді Е.Алпысов.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысушы мамандардың 5 жылдық міндетті жұмыс өтілі қазір 3 жылға азайтылған екен. Міндетті жұмыс өтілінің мерзімі бағдарламаға қатысушы мамандар мен жергілікті мемлекеттік органдар да мүдделі болғаннан кейін өзгертілген.

Қазақстанда ауыл халқының жаппай қалаға көшу процессі ауыл тұрғындарының айтарлықтай азаюына әкелген жоқ. Пайыздық көрсеткішпен есептегенде ауыл халқының үлесі азайғанымен, нақты саны тұрақты күінде қалып отыр.

«Осыдан бес жыл уақыт бұрын ауыл халқының саны 47 пайыз болса, қазір оның көрсеткіші 42 пайызды құрап отыр. Алайда  5-6 жыл бұрын ауыл халқының саны 7,6-7,7 миллион шамасында еді. Дегенмен көрсеткіш айтарлықтай әлі өзгере алған жоқ. Ауылда туу көрсеткіші де жоғары болғандықтан, халық саны тұрақты. Қалаға көшу әлі де басым болып тұр, – деді вице-министр.

Ермек Алпысов: Қазір ауыл түсінігі өзгерді

Ұлттық экономика вице-министрі қазір ауыл түсінігінің  өзгергенін айтты. Кезінде ауылдың жартысынан көбі тек қана ауыл шаруашыығында немесе бюджеттік салаларда жұмыс істесе, қазіргі кезде технологияның дамуына байланысты ауылдағы қызмет тұрлері де өзгерген.

«Дамып жатқан ауылдардың көпшілігі қала маңында шоғырланған елді мекендер, туристік жерлерге таяу елді мекендер, жол бойындағы және ірі өзен бойындағы ауылдар. Бұл жерлерде негізінен ауыл шаруашылығымен айналыспайды. Олардың экономикасының тірегі – сервис, қызмет көрсету. Ауыл бюджетінің 70 пайызға жуығы дотация. Яғни, ауылдар өз бюджетінің 25-30 пайызын ғана өздері табады. Қалғаны облыстық және республикалық бюджеттен беріледі. 2020 жылдан бастап бюджеттің 4-ші деңгейі енгізіледі. Яғни ауыл әкімдері жергілікті халықпен ақылдасып, бюджетті игеретін болады. бұл бастама ауыл әкімдерінің көбірек салық жинауын ынталандырмақ», - деді ол.

Ұлттық экономика вице-министрінің сөзінше ауыл мен қаланы қаржыландыруда дискриминация болмауы тиіс. Алайда, қаржыландыру кезінде кейбір теңсіздіктер болады. Қалаларда керекті инфрақұрылымға көбірек ақша жұмсалса, ауылдарда стандарт төмен. Бірақ, қалада су тарту арзанға түседі екен. Дегенмен ол әр облыс бюджетті өзінше игеретінін де ескеру керектігін алға тартты.

Айдана Абдрахманова

 




Яндекс.Метрика