Ұлттың денсаулығы

ҚР-да биатлон бойынша Азия Чемпионаты өтеді

28-31 қаңтарда Алматы облысы Талғар ауданындағы шаңғы мен биатлон стадиондарының халықаралық кешенінде биатлоннан Азия Чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге Жапония, Монғолия, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан мен өзге елдердің спортшылары қатысады, деп хабарлайды шараны ұйымдастырушылар.
Алматы23 Қаңтар , 14:45

«Қазақстандық биатлоншылардың жетістігі бірінші кезекте дайындық шараларының деңгейінің жоғарылауы мен халықаралық байқаулардағы біздің спортшылардың бәсекеге қабілеттілігі және еліміздегі аталмыш спорт түрінің кеңінен етек жаюына байланысты. Осы жағдайларды ескере отырып Биатлоншылардың Халықаралық Кеңесі (IBU) біздің елде ірі халықаралық жарыстарды өткізуге сенім білдіріп отыр. Атап айтар болсақ 2014 жылдың 28-31 қаңтарда Алматы облысы Талғар ауданындағы шаңғы мен биатлон стадиондарының халықаралық кешенінде биатлоннан Азия чемпионатының өткізілуі», - делінген хабарламада.

Шараны ұйымдастырушылар ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі, ҚР Биатлон Федерациясы мен «КАТОиИК» қауымдастығы.

Халықаралық деңгейдегі байқауға Жапония, Монғолия, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан мен өзге елдердің спортшылары қатыспақ.

Естірңізге сала кетейік, Ванкувердегі (Канада) 2010 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан Қысқы ойындардың көптен күткен медаліне қол жеткізген еді. Оны олжалаған биатлоншы Елена Хрусталева екені баршамыздың есімізде.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика