Энергияның балама көздерін дамыту

Ақмола облысында энергияның баламалы көздері бойынша 4 жоба іске қосылады

2014 жылы Ақмола облысында энергияның баламалы көздері бойынша 4 жоба іске қосылады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола23 Қаңтар , 14:37

«Облыстың актив отырысында  ҚР Президентінің Жолдауы талқыланды аймақ басшысы Қосман Айтмұхамбетов облыста іске қосылатын баламалы энергия көзінің  негізгі жобаларын атады. Бүгінгі таңда Целиноград ауданында «Родина» агрофирмасында 750 кВт қуаттылығындағы жел генераторы қолданылады. 2014 жылы Ерейментау ауданында « Тұңғыш жел электростанциясы» ЖШС мен «Шеврон Мұнай Инк»  компаниясы 45 және 50 Мвт қуаттылығындағы екі электр станциясын салуды жоспарлауда», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, «Есіл» ӘКК бойынша тағы бір электр станциясын жүзеге асыру көзделіп отыр. Оның қуаттылығы 30 МВТ, ол биомассаны жағу мен дайындауды жүзеге асырады. 




Яндекс.Метрика