Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР Үкіметі жергілікті өзін-өзі басқаруға жекелеген салық түрлерін анықтауды ұсынады

Салықтық базаны тартуға қызығушылық таныту мен өзін-өзі басқаруды қаржыландыруды кеңейту мақсатында ҚР Үкіметі жергілікті өзін өзі басқаруға жекелеген салық түрлерін анықтауды ұсынады, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық демократиялық күш коалияциясының отырысында.
Нұр-Сұлтан23 Қаңтар , 14:03

«Салықтық базаны тартуға қызығушылық таныту мен өзін-өзі басқаруды қаржыландыруды кеңейту мақсатында ҚР Үкіметі жергілікті өзін-өзі басқаруға жекелеген салық түрлерін анықтауды ұсынады. Мысалға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, мүлік, транспорт пен жеке тұлғаларға жер салығы», - деді Б.Сағынтаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық тәуелсіздігін нығайту ұсынысы дайындалған.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен жеке меншік институтын нығайту үшін 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында заңнамалық жетілдіру жұмыстарын жүргізуді ұсынамыз. Сонымен қатар, ҮИИД МБ-ның жаңа бесжылдығымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы өзектілендіріледі», - деді Бас уәзірдің бірінші орынбасары.

Бақытжан Сағынтаевтың мәліметінше, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мен «Өнімділік-2020» бағдарламасының нақты ара-жігі ажыратылуы керек. «Өнімділік -2020» бағдарламасы ұлттық кластерлердің ірі жобаларын қолдауға бағытталса, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы әр өңірдің шағын және орта кәсіпкерліктерін қолдауға арналған.




Яндекс.Метрика