Су ресурстарына арналған жаңа саясат

Су ресурстарын басқару бағдарламасының қаражаты «Ақ бұлақ» бағдарламасының бюджетін бірнеше есеге арттырады – ӨДМ

Су ресурстарын басқарудың 2014-2040 жылға арналған бағдарламасының қаражаты «Ақ бұлақ» мембағдарламасының бюджетін бірнеше есеге арттырады. Бұл туралы бүгін «Қазақстанда елді мекендерде сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерін жобалаудың өзекті мәселелері» атты халықаралық конференцияда ТКШ және құрылыс комитеті басқарма басшысының орынбасары Асқар Сманқұлов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан23 Қаңтар , 13:10

«Су ресурстарымен басқару бағдарламасы 2040 жылға дейін есептелген. Ол «Ақ бұлақ» бағдарламасына қарағанда осы бағытқа арналады», - деді А. Сманқұлов.

Оның айтуынша, «Ақ бұлақ» бағдарламасы су ресурстары бағдарламасымен бірігіп жұмыс істейді.

Комитет басшысының орынбасары атап өткендей, «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша қалаларда  100 пайыз тұрғын қамтылуы керек. Ал ауылдық жерде бұл көрсеткіш 80 пайызға дейін жетуі тиіс. Сондай-ақ, А. Сманқұлов атап өткендей, қазіргі таңда ауылдағы сумен қамту 47 пайызды құрайды. 




Яндекс.Метрика