Су ресурстарына арналған жаңа саясат

Қазақстанның ірі қалаларында сумен қамтамасыз ету жүйелері жаңартылуда - «Қазақстан Су Арнасы» қауымдастығы

Бүгінде республика бойынша ірі қалаларды заманауи тәсілдерге сүйене отырып сумен қамтамасыз ету жүйелері жаңартылуда. Бұл туралы бүгін «ҚР елді- мекендеріндегі сумен қамтамасыз ету және суды бұру жүйелерін жобалаудағы маңызды сұрақтар» атты халықаралық конференцияда «Қазақстан Су Арнасы» қауымдастығының менеджер-координаторы Валерий Торубар мәлім етті.
Казахстан23 Қаңтар , 13:43

«Ғылымды көп қажетсінетін жоғары технологиялы сумен қамтамасыз ету жүйелері Алматы және Астана қалаларында бар. Бұдан басқа, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен, Қарағанды қалаларында заманауи тәсілдерге сүйене отырып сумен қамтамасыз ету жүйелері жаңартылуда», - деді В.Торубар.

Сондай-ақ, қазіргі таңда су ресурстарын басқару бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Мәселен, «Ақ бұлақ - 2020» бағдарламасы арқылы ауыз сумен 100%, оның ішінде шалғайда орналасқан елді- мекендердің 80% қамтамасыз ету қарастырылған. 

«Бүгінде бұл көрсеткіш 47% құрады. Міндеттелген межеге 2020 жылға  дейін жету үшін біз әлі қанша жұмыс істеуіміз керек. Мәселен, елді-мекендердегі ауыз су тапшылығы проблемаларының бүгінде тек 9% шешілген. Ал бұл көрсеткішті біз кем дегенде 20%-ға жеткізуге тиіспіз», - деп ол өз ойын қорытындылады. 




Яндекс.Метрика