Мәдениетті жаңғырту

2014 жылдың соңына дейін ҚР Үкіметі мәдени саясаттың ұзақмерзімді концепциясын әзірлеп, қабылдайды – Б. Сағынтаев

ҚР Үкіметі 2014 жылдың соңына дейін мәдени саясаттың ұзақмерзімді концепциясын әзірлеп, қабылдайды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан23 Қаңтар , 12:31

«2014 жылдың соңына дейін ҚР Үкіметі мәдени саясаттың ұзақмерзімді концепциясын әзірлеп, қабылдайды. Онда қазақстандықтардың мәдени бәсекелестікке қабілеттілігі мен заманауи мәдени кластерлердің дамуының бағыттарын айқындайды», - деді Б. Сағынтаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамында туындайтын кедергілерді алып тастау жөнінде заңнамаға өзгертулер енгізу қарастырылады.

«Әлеуметтік төлемдерге тоқталатын болсақ, 2015-2016 жылдарға арналған бюджетте асыраушысын айрылғандарға әлеуметтік төлем көлемінің үлкеюі 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 25 пайызға өседі.Азаматтық қызметкерлердің жалақысының артуы 2015 жылдың 1 шілдесінен басталады», - деді ол.

Сондай-ақ, Үкімет мемқызметкерлердің еңбек ақысын көтеруді қарастырып отыр, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 15 пайызға, 2016 жылдың 1 шілдесінен тағы 15 пайызға, ал 2016 жылдың 1 қаңтарында 15-25 пайызға шәкіртақы өспек.

Оған қоса, 2014 жылдың 1 жарты жылдығында мемлекеттік басқару пішінін жетілдіру бойынша ұсыныстар жүргізіледі, оның ішінде жергілікті және атқарушы органдардың жеке қызмет істеуі және меритократия бағытының енуі.




Яндекс.Метрика