Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚР-да әуе компанияларының халықаралық тасымал жасағандағы жауапкершілігін қатайту талабы күшейеді - ККМ

Жолаушылардың мүдделерін қорғау мақсатында қазіргі таңда Көліккомминмен халықаралық әуе тасымалының жеке ережелерін бір қалыпқа келтіретін Монреальдік конвенцияны ҚР-да бекіту жөнінде жұмыс атқарылуда. Ол әуе тасымалдарының ескірген нормаларын алмастырып, тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы жауапкершілігін арттырады.
Нұр-Сұлтан23 Қаңтар , 12:45

Монреальдік конвенцияны бекіту батыс әуе тасымалдаушыларының қызметтерін пайдаланатын қазақстандық жолаушыларға өздерінің мүдделерін тұратын мекен-жай бойынша қорғауға мүмкіндік береді – мысалы, сапар болмай қалған кезде не сапар кідірісі туындап, багаждың жоғалуы немесе бүлінуі жағдайларында. Қазіргі кезде шетел компаниясына сот арқылы айып тағу сол әуе компанияның тіркелген орны бойынша ғана мүмкін.

«Біріншіден жолаушылар сапалы қызметтерді алу үшін барынша жағдай жасап, әуе компанияның әрекетімен байланысты қауіп-қатерлерге оларды тәуелсіз ету қажет. Егер мәселе туындап жатса жолаушыларда өз мүдделерін қорғау мүмкіндігі болу қажет», - деп, хабарлады ҚР ККМ Азаматық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

Сонымен бірге ол Конвенцияның қабылдануы тасымалдаушылардың жауапкершілігін арттыруға жағдай жасайтынын және қазақстандық заңнаманы батыс елдерінің заңнамаларымен үйлестіретінін белгіледі.

Қазіргі кезде Монреальдік конвенцияның мүшелерінің қатарында жалпы алғанда 97 мемлекет, олардың ішінде АҚШ, Сауд Арабиясы, ЕО елдері және т.б. бар екенін белгілеген жөн.

 
 
 
 




Яндекс.Метрика