Білім беру

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Инженерлік желі жүйесі» мамандығын ашу қажет – Т. Байтасов

Ағымдағы жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Инженерлік желі жүйесі» мамандығын ашу қажет, деді «Қазақстанда елді мекендерде сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерін жобалаудың өзекті мәселелері» атты халықаралық конференцияда Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сәулет және архитектура факультетінің деканы Талғат Байтасов.
Нұр-Сұлтан23 Қаңтар , 12:13

«Қазақстандық сумен жабдықтау жүйесі мен кәріз желісінде кадр тапшылығы байқалады. Барлық күшті Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Инженерлік желі жүйесі» мамандығын ашу үшін жұмсау керек», - деді Т. Байтасов.

Оның айтуынша, аталмыш бағыт бойынша 1 курсқа кем дегенде 25 студент жинау керек.

«Өткен жылы «Сумен жабдықтау және кәріз» мамандығын алып тастады, ТКШ және құрылыс комитеті мен Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ  осы сұрақты қарастыруын сұраймын», - деді ол.




Яндекс.Метрика