Рухани жаңғыру

Қазақтану: Ел бірлігінің негізі неде?

2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-сессиясында «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсаукесері жасалды. Стратегиялық жобаның бағыты – еліміздегі барлық этностардың қазақ халқының жалпыұлттық және жалпы мағыналық құндылықтарын қазіргі және болашақ ұрпақтың санасына жеткізу және қарқынды дамытып отыру. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақтану – ел бірлігінің негізі» тақырыбын талқылады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Нұр-Сұлтан18 Шілде , 17:22

Шара қазақ халқының тарихын, дәстүрін, гуманитарлық және адамгершілік ұстанымдарын белсенді ілгерілету, халықтың бірлігі мен қазақстандықтардың жалпыұлттық тарихи санасын нығайту, қазақстандық патриотизм, қазақ халқының топтастырушы рөлінде этностардың рухани-мәдени бірлігі негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондықтан «Қазақтану» жобасы бірінші кезекте қазақ халқының базалық құндылықтары негізінде қалыптасатын осы ұлттық кодты анықтауға бағытталуы тиіс.

Тарихи қазақ халқы көшпелі өмір салтын жүргізді. Қазақстан өркениеттер қиылысының орталығында болды және біздің ортақ ұлттық құндылықтарымыздың: қонақжайлылық, ашықтық, төзімділік, өркениеттер мен мәдениеттер қиылысындағы өмірге бейімделе алатын қасиеттердің субстраты болып табылатын қасиеттерді қалыптастырды. «Қазақтану» серпінді феномені барлық уақытта сын-қатерлерге жауап беруі тиіс.

ҚХА төрағасының орынбасары  Жансейіт Түймебаев еліміздің дамуы жаңа белестерді бағындырып жатқан кезеңде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Тәуелсіздік жылдарынан бері қалыптастырған тарихи, рухани бағытымызды басқа қырынан дамытатын кез келгені сөзсіз екенін айтты.

«Осы мақсатта Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және Ұлы даланың жеті қыры атты қазақстандықтардың рухани бағдарына айналған бағдарламалық мақалалары жарыққа шықты. Аталған мақалалар ұлттық діңгегіміздің түпкі негіздегі шарттарын айқындап берді. Олар қазақ ұлты мен  Қазақстанды мекендеген  басқа  халықтар  ынтымақтастығының өзегіне айналды», - деді ол.

Сондай-ақ, ол  рухани жаңғырудың түбінде қазақ халқының  сан-ғасырлар бойы жинақтаған әдет-ғұрпы, заңдылықтары мен тарихи тәжірибесінің құндылықтары жатқанын айтты.

«Қазіргі уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында елімізде қарқында түрде рухани жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жұмыстар тұтастай ел тұрғындарын қамтып отыр деп айтуға болады. Кешегі Арыста болған оқиға да, ұлттық болмысымызға бағытталған қатаң сынақ болғанымен, Қазақстан халқы бұл күрделі сынақты жұмыла көтеріп, бір нанды бөле жей отырып, рухани дамуымыздың берік екенін көрсетті. Мен жарылыстан соң, алғашқы сәттерде-ақ, зардап шегушілерге көмек қолын созып, ауыр күндерді солармен бірге өткізген біздің этномәдени бірлестіктерге алғыс айтамын», - деді ол.

Ж.Түймебаев айтып өткендей, Ұлттық код рухани бірліктің, ынтымақ пен сенімнің сапында болғаны баршаға аян.

«Ассамблея «Қазақтану» мәдени-ағарту жұмысы бастамасын көтерген болатын. Ол толықтай «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес келеді. Жоба елімізді мекендеген этностардың арасында қазақ халқының мәдениетін, тарихын философиясын және рухани байлық құндылықтарын насихаттауға бағдарланған. Жоба аясында мәдениеттердің өзара кірігуіне жол ашылып, ұлттық бірліктің құндылығы артпақ. Сонымен қатар, ұрпақтар сабақтастығының көкжиегі кеңейеді», - деді Ж.Түймебаев.

Сондай-ақ, Төрағаның орынбасары  ҚХА  бастамасымен  2018 жылы республикалық деңгейде Ақмола, Қызылорда, Атырау облыстарында іс-шаралар ұйымдастырғанын атап өтті.

«Жалпы, аталған жоба аясында 300-ге жуық іс-шаралар өтіп, оларға  192 мың адам қатысты.  Келер жылы Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың  175 жылдық мерейтойы аталып өтпек. Аталмыш шараға деген құрмет, ілтипатының ізгіліктері осы жылдан басталды. Мәдени қауым ортасында  «Қазақты танығың келсе, Абайды оқы» деген ұстаным қалыптасқан. Қазақтың рухани болмысын бар әлемге паш етуде Абайдың қосқан үлесі зор», - деді Ж.Түймебаев.

Конференцияның қорытындысы бойынша Қарар қабылданды.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясындағы бастамасымен қолға алынған «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының маңызын назарға ала отырып, конференцияға қатысушылар қазақ халқының құндылықтары еліміздің барлық этностары үшін жалпыұлттық және жалпы мағыналы болуға, бүгінгі және кейінгі ұрпақтары меңгеруге тиіс екенін атап өтті», - делінген Қарарда.

 Сондықтан да, «Қазақтану» жобасы бірінші кезекте қазақ халқының базалық құндылықтары негізінде қалыптасатын осы ұлттық кодты анықтауға бағытталуы тиіс. Тарихи қазақ халқы көшпелі өмір салтын жүргізді. Қазақстан өркениеттер қиылысының орталығында болды және біздің ортақ ұлттық құндылықтарымыздың: қонақжайлылық, ашықтық, төзімділік, өркениеттер мен мәдениеттер қиылысындағы өмірге бейімделе алатын қасиеттердің субстраты болып табылатын қасиеттерді қалыптастырды. «Қазақтану» жобасы қарқынды және әрдайым уақыт сынына жауап беруге дайын болуы тиіс.

« «Қазақтану» жобасы біздің бірыңғай құндылықтарымызды қалыптастыру және нығайту арқылы Қазақстан халқының бірігуіне ықпал етуі тиіс. Қазақ халқының тарихы мен тілін үйрену арқылы барлық ұлт өкілдерінің бірігуі елдегі тұрақтылықтың кепілі бола алады», - делінген Қарарда.

Конференция қатысушылары жобаны іске асыру үшін келесі шараларды ұсынды:

-Жоғары оқу орындарында «Қазақтану» пәнін енгізу мүмкіндігін  жалпы білім беретін мектептерде және Қазақстан халқы  Ассамблеясының этнолингвистикалық орталықтарында «Қазақтану»      үйірмесін құру;

-Достық үйлері жанында Қазақстан этностарының өкілдерін қазақ қолөнері мен кәсіпшіліктеріне үйретуге байланысты мастер-кластар мен курстар ұйымдастыру, сонымен қоса олардың пайда болу тарихы мен маңызын оқыту;

-Қазақстан этностары арасында қазақ мәдениетін, тарихын, дәстүрлерін танымал ету бойынша аймақтық ғылыми-ағартушылық және қолданбалы жобаларды әзірлеу.

Айта кетейік, ғылыми конференцияға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткерлері, ғалымдар, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері, сондай-ақ ҚХА жастар қанаты қатысты.

Аягөз Құрмаш 

Материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.




Яндекс.Метрика