Ұлт жоспары 100 нақты қадам

AFD-2019 алғашқы жетістіктері – АХҚО-ға әлемнің 20 компаниясы тіркелді

Astana finance days форумының екінші күнінде аясында Ислам Даму Банкі тобының президенті, Еуропа Қайта Құру және даму банкінің президенті, ҚР-ның бірқатар министрлері және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) жоғары алқалық органы-АХҚО басқару Кеңесінің отырысы өтті. Онда Астана халықаралық қаржы орталығының жылдық есебі ресми таныстырылды.
Нұр-Сұлтан02 Шілде , 19:42

Сонымен, отырысқа Кеңес төрағасының орынбасары – ҚР премьер-министрі Асқар Мамин, ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов, ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаев, АХҚО Басқарушысы Қ. Келімбетов қатысты. Кеңес құрамында Еуропа Қайта Құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти, Ислам даму банкі тобының президенті Бандар Хаджар және Citigroup инвестициялық және корпоративтік банкінің жаһандық блогының басшысы Джули Монако сияқты ірі халықаралық қаржы құрылымдарының беделді басшылары да бар.

Еуропа Қайта Құру және даму банкі мен Ислам даму банкі тобының президенттері АХҚО-ға жоғары баға берді

Ислам даму банкі тобының президенті Бандар Хаджар АХҚО-ның ресми ашылу күнінен бастап жүргізген үлкен жұмысына ризашылығын білдіріп, Ислам Даму Банкі Қазақстан Республикасының стратегиялық серіктесі болып табылатынын және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытып, жобалар қоржынын ұлғайту бойынша жұмыс істеуді жалғастыра беретінін айтты.

Ислам Даму Банкі тобының президенті Бандар Хаджардың айтуынша, ИДБ жұмыстарын Қазақстанда іске асырғалы бері банктің портфелі экономиканың әртүрлі секторларына салынған инвестициялар арқылы 1,5 млрд. долларға дейін өсті.

«Қазақстан ислам инфрақұрылымын дамытуда жақсы әлеуеті бар ел болып саналады, инвесторлар пайдалана алуы үшін Орталық Азияның капитал нарықтарына біздің құралдарымызды ілгерілетуге тырысамыз. АХҚО әлемнің барлық елдерінен инвесторларды исламдық қаржыландыруға тарту үшін сенімді серіктес бола алады», - деп сөзін жалғастырды Ислам Даму Банкі тобының президенті Бандар Хаджар.


Сонымен қатар, Polymetal International plc өкілі Игорь Финогенов компанисын АХҚО-ға орналастыру нәтижелерімен бөлісті.
 

«17 сәуірде акцияларымыз қор биржасының ресми тізіміне енгізілді. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін 17 миллион доллардан астам сомаға шақталған орналастыру көлемі 1,69 миллион бірлікті құрап, акцияларға деген сұраныс ұсыныстан екі есе асты. Нәтиже біз күткеннен асып түсті, оның үстіне жеке меншік компанияларың осы биржадағы түңғыш орналастыруы еді. Біз AIX Өзбекстаннан, Әзірбайжаннан, Түркиядан және Қытайдан инвесторлар үшін қызықты, тартымды орын болады деп есептейміз », - деп түсіндірді Polymetal International plc өкілі Игорь Финогенов.

Еуропа Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Сума Чакрабарти – ЕҚДБ АХҚО серіктесі және болашақта Қазақстанға пайда әкелетін АХҚО алаңында жасыл қаржыландыру саласында мұқият бірлескен жұмыс жүргізетінін атап өтті.

Сонымен қатар Кеңес отырысы барысында бірінші шетелдік «Полиметалл УК» АҚ-ның компанияның президенті сөз сөйледі, ол АХҚО және AIX (Астана халықаралық биржасының) эмитенті болды.

«Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде «Полиметалл Интернешнл Плюс» компаниясының қарапайым акциялары «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми тізіміне енгізілген болатын. Аукционнан кейін орналастыру көлемі 17 миллион АҚШ долларынан асатын 1 690 440 акцияны құрады. Акцияларға сұраныс 2 еседен артық асып түскені қуантарлық жағдай. Сауда-саттық нәтижелері біздің барлық үміттерімізді ақтады.  Орта мерзімді кезеңде АХҚО Орталық Азияның негізгі өңірлік инвестициялық платформасы ретінде маңыздылыққа ие болады деп есептейміз. AIX (Астана халықаралық биржасы) Өзбекстаннан, Әзірбайжаннан, Түркиядан және, әрине, Қытайдан келген инвесторлар үшін тартымды орын болады», - деді Polymetal International plc өкілі Игорь Финогенов Игорь Финогенов.

Кеңестің негізгі міндеттері АХҚО дамуының стратегиялық бағыттарын анықтау және әлемдік деңгейдегі халықаралық қаржылық қызмет көрсету орталығын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу болып табылады.

Мамандардың айтуынша, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және елдің мемлекеттік органдары басшыларының Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) басқару жөніндегі Кеңестің жұмысына қатысуы мемлекеттік биліктің барлық деңгейлеріндегі бастаманы қолдау мен бақылау туралы куәландырады әрі ірі халықаралық қаржы корпорациялары өкілдерінің және өңірдің инновациялық бизнес көшбасшыларының қатысуы АХҚО-дағы істің жағдайына және оның даму перспективасына кәсіби көзқарасты қамтамасыз етеді.

 Астана халықаралық қаржы орталығына 200-ден астам компаниялар тіркелген

Астана халықаралық қаржы орталығының құзырына (АХҚО) әлемнің 20-дан астам елдерінің омпаниялары тіркелді. Атап айтар болсақ, оның ішінде: Ресей, Эстония, Латвия, Біріккен Корольдік, Италия, Финляндия, АҚШ, Қытай, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Үндістан, БАӘ, Түркия сияқты елдер бар. Енді сол қатысушы компаниялар банктік қызмет, қор нарығы, активтерді басқару, жеке банкинг, ислам қаржылары, кредиттік-рейтингтік қызмет және басқа салаларда қызметтерін жүзеге асырады.

Қаржылық және қосымша қызметтер көрсететін ең ірі компаниялардың қатарына мынадай компаниялар мен банктер кіреді: Қытай құрылыс банкінің филиалы (Қытай), Altyn Bank (Қазақстан), Қытайдың даму банкінің өкілдігі (Қытай), Paladigm Capital Pte (Сингапур), Wood and Co (Чехия), Shinhan Investment Corporation (Оңтүстік Корея), Russell Bedford (АҚШ), Renaissance Capital (Кипр), Аналитикалық кредиттік-рейтинг агенттігі (Ресей) бар.

Сонымен бірге Астана халықаралық қаржы орталығы Биржасында өз қызметтерін Қазақстан, Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея және Еуропадан – брокерлер мен дилерлер жүзеге асырады. Қырықтан астам компания қосалқы қызметтерді, оның ішінде: заңгерлік, аудиторлық, бухгалтерлік, консалтингтік және рейтингтік қызметтерді көрсетеді.

«Қазпошта» АҚ және «Ренессанс Капитал» инвестициялық компаниясы Астана халықаралық биржасының (AIX-тің) сауда мүшелері атанды 

Astana International Exchange (AІХ, Биржа) «Қазпошта» АҚ мен «Ренессанс Капитал» ИК AIX-тің сауда мүшелері атанды. Тиісті сертификаттарды осы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Астана» халықаралық қаржы орталығына сапары аясында тапсырылды.

Соның арқасында Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі  бөлшек инвесторлардың ірі базасына қолжетімділік «Қазпошта» қызметтері, ал өңірлік институционалдық инвесторларға қолжетімділік –   «шекаралық» пен дамушы нарықтардағы жетекші тәуелсіз халықаралық инвестициялық компаниялардың бірі арқылы кеңейтілетін болады

«Біз мыңдаған қазақстандық және шетелдік инвесторларға AIX платформасына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа сауда мүшелерімізді қарсы алуға қуаныштымыз. «Қазпоштаның» клиенттік базасының кең қамтылымы және бұрын жүргізілген "Халықтық IPO-ға" қатысу тәжірибесі, сондай-ақ «Ренессанс Капитал» қамтылымының бірегей географиясы осы компаниялардың клиенттеріне Орталық Азиядағы капитал нарығында жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді Астана халықаралық биржасының (AIX) басқарма төрағасы Тим Беннетт.

Астана халықаралық биржасына акцияларын орналастырған «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов өз клиенттеріне заманауи сауда алаңының көмегімен инвестициялау үшін барынша кең мүмкіндіктер ұсынуға мүмкіндік беретінін алға тартты.

«Astana International Exchange – халықаралық деңгейдегі платформа және біз оған қол жеткізгенімізге өте қатты қуаныштымыз. Бұл бізге өз клиенттерімізге заманауи сауда алаңының көмегімен инвестициялау үшін барынша кең мүмкіндіктер ұсынуға мүмкіндік береді. Өз тарапымнан «Қазпошта» АҚ брокер ретінде Қазақстанның қор нарығын дамытуға белсенді ықпал ететініне сендіре аламын", - деп атап өтті Сәкен Сәрсенов. 

«Ренессанс Капитал» Директорлар кеңесінің төрағасы Кристоф Шарлье де қазақстандық биржа қатысушы болғанына ризашылығын білдірді.

«Астана халықраралық биржасы (Astana International Exchange) технологиялық платформасы биржаның және оның серіктестері үшін үлкен перспективалар аша отырып, ең заманауи талаптарға сай келеді және  нарық қатысушыларының үміттерін қанағаттандырады. Біз Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын жекешелендіру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздарды шығару және айналымға енгізу арқылы біздің клиенттерімізге қор биржасына кіруді ұсынудың толыққанды мүмкіндігіне ризашылығымызды білдіреміз.. Дамып келе жатқан және шекаралас нарықтардағы жетекші инвестициялық компаниялардың бірі ретінде біз көптеген жылдар бойы қазақстандық эмитенттерге (бағалы қағаздар шығарушы ұйымдарға) акционерлік және борыштық капитал нарықтарындағы мәмілелерді іске асырамыз және жаһандық инвесторлар арасында өңірдің инвестициялық тартымдылығын белсенді түрде насихаттап келеміз», – деді.

«Қазпошта» акционерлік қоғамы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті, сондай-ақ трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның негізінде 2000 жылдан бері брокерлік қызметтер ұсынады және «Қазпоштаның» брокерлік клиенттік базасында жеке тұлғалардың 32 мыңнан астам ашылған шоттары бар. Компанияның әрбір облыстық филиалында брокерлік қызмет көрсету жөніндегі мамандар жұмыс істеп, Қазақстан аумағында пошта байланысы тораптарында брокерлік қызмет көрсетудің 100-ден астам нүктесі қызмет көрсетеді. Брокер клиенттерінің сауда платформасы арқылы үйден шықпай-ақ өтінім беру мүмкіндігі бар көрінеді.

«Ренессанс Капитал» инвестициялық компаниясы – шекаралас және әлемнің дамушы өңірлеріне маманданған және Африка, Таяу Шығыс, Орталық Еуропа, Түркия, Азия мен Грецияны қоса алғанда 50 нарыққа қолжетімділікті қамтамасыз ететін жетекші инвестициялық банк. «Ренессанс Капитал»  қызметінің барлық негізгі түрлері: тіркелген кірістілігі бар өнімдер, валюталармен және шикізат тауарларын қоса алғанда акционерлік және борыштық капиталмен, бірігулер және сіңірулермен жұмыс, бағалы қағаздармен және туынды құралдармен жұмыс, сондай-ақ талдамалық зерттеулер бойынша жетекші орынға ие. Компания Лондон, Мәскеу, Нью-Йорк, Йоханнесбург, Лагос, Найроби және Каирде қатысыммен EEMEA өңіріндегі компаниялардың акцияларын сату және клиенттермен жұмыс істеу бойынша ең ірі бөлімшелерінің иесі. Компанияның талдау басқармасы EMEA (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) өңіріндегі зерттеулердің толық спектрін ұсынады.

Астана халықаралық биржасы (Astana International Exchange AIX) 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылған. AIX акционерлері қатарында АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және АІХ сауда платформасын ұсынатын NASDAQ бар.

 AIX-тің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек Астана халықаралық биржасы – халықаралық инвесторларға таныс нормативтік-құқықтық орта аясында, ағылшын құқығының юрисдикциясында жұмыс істейді. Биржада жоғары технологиялық сауда инфрақұрылымы әзірленді және жұмыс істейді. Жергілікті және халықаралық брокерлердің экожүйесі құрылды. 2018 жылдың қараша айында AIX-те "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ IPO сәтті өтті. 2019 жылдың сәуірінде биржадағы қос листингтен Polymetal International Plc ірі тау-кен компаниясы өтті. Сондай-ақ, AIX платформасында листингтен өтіп және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еурооблигациялары мен "Қазақстан темір жолы" АҚ корпоративтік облигациялары орналастырылды. "Шұбаркөл Көмір" АҚ және "Қазхром" ТҰК" АҚ бағалы қағаздары "pre-IPO"санатына қосылды. AIX (AIX CSD) орталық депозитарийінің мүшелері екі кастодиан банкі болып табылады, AIX CSD-де инвесторлардың 60 000-нан астам шоты ашылды. AIX - Еуропа және Азия қор биржалары федерациясының мүшесі болып табылады. 2019 жылдың қаңтарында Ұлыбританияның Салық және кеден қызметі (HMRC) AIX-ке танылған қор биржасы мәртебесін берді. AIX CSD-еуропалық CSD қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Айдана Абдрахманова

Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

 

 




Яндекс.Метрика