Басқару

Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды

ҚР Президенті Қ. Тоқаев Қ.Көшербаевты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 10:39

«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын», - делінген  Жарлықта.

Сондай-ақ,   Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды.

Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

 




Яндекс.Метрика