АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Оралман отандастардың бизнес бастамалары қолдауға ие болады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда және шетелде тұратын отандас оралмандарды қолдау туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында үшжақты Меморандумға қол қойды.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 18:39

Құжатқа «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы  қол қойды.

 «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, меморандумның мақсаты оралман отандастардың бизнес бастамаларын қолдау және дамыту.

   Тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметіне оралмандармен жұмыс жөніндегі ұсынымдарды қалыптастыру, мемлекеттік бағдарламаларды және басқа да мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру жөнінде ақпараттық қолдау көрсетуді қарастырып отыр.

Сондай-ақ, тарихи отанына оралған және шетелде тұратын оралман отандастардың осындай бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету сияқты бағыттарда ынтымақтастықты жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Дүние жүзі қазақтары қауымдастығымен облыстық филиалдардың қызметкерлеріне жедел өзара іс-қимылды бекітеді.

Сондай-ақ серіктестермен бірлесіп, шетелде тұратын қазақтар үшін Қазақстанда бизнесті дамытуға жағдай жасау тетіктерін қарастырады.

 «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 2013 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл кәсіпкерлігіне шағын несие беру операторы болып жұмыс істеп келеді. Осы кезең аралығында Қор 118 млрд. теңгеге 52 мың шағын несие берді, соның көмегімен ауылдық жерлерде 52,6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылы Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарына, соның ішінде оралмандарға жалпы сомасы 30 млрд.теңге болатын 8 мыңнан астам несие берілді», - деді  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жандар Омаров.

Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру, бизнес жоспарлар дайындау және ауылда бизнес әлеуетті іске асыру үшін гранттар, жеңілдіктер мен субсидиялар алуға жәрдем көрсету мүмкіндіктері зерделенеді. Агроөнеркәсіптік кешеннің «жасыл» технологияларын пайдалана отырып сүт, ет, өсімдік және өндіру мүмкіндіктері зерттеледі. Ауылда бизнесті ұйымдастыру жөнінде пәрменді модель жасалатын болады.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика