ҚР Президентінің Жолдауы

ҚХА: Халықтың бірлігін нығайтудың тетіктері

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының XXVII сессиясында халықтың біртұтастығын нығайту мен бейбітшілік пен келісім мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қоғамдық келісім жұмысына белсенді қатысып, өз үлесін қосқан азаматтар мараптатталды.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 17:19

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Елбасы мен Мемлекет басшысының алға қойып отырған басты міндеті ел бірлігі мен тыныштығын сақтау екенін атап өтті.

«Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясына зор сенім артып отыр. Біз бұдан әрі де Елбасы бастаған бастамаларды әрі қарай жалғастыратын боламыз. Президенттің  жаңа бастамаларын жүзеге асыруда бірігіп еңбек ететінімізге сенімдімін», - деді А.Көлгінов.

Сондай-ақ, әкім елордада  100-ден астам ұлт өкілі  тұрып жатқанын айтып,  23 этономәдени бірлестік бар екенін жеткізді.  

«Өткен жылы елорданың ҚХА дамыту бойынша үлгілік жоспары әзірленді. Ол өңірлік ассамблеяларға нұсқаушы ретінде жұмыс істеп жатыр. Жарты жыл ішінде аталған бағдарламаның индикаторларын орындау бойынша көрсеткіштер бар. Жақында 5 елордалық мәдени бірлестіктер халықтық атаққа ие болды. Вайнах  шешен-ингуш мәдени орталығы, Корей этномәдени орталығы, Татар-башқұрт орталығы, Украин мәдени орталығы сынды бірлестіктер халықтың бірлігін нығайтуға бағытталған ауқымды жұмыстарды атқарып отыр», - деді әкім.

Өз кезегінде ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Елбасы қоғамдық келісім жұмысының нақты болуын тапсырғанын атап өтті.

«ҚХА Елбасының жеке бастамасымен құрылған бейбітшілік пен келісімді сақтайтын  бірегей интситут.  Солай болып қала бермек. Алдымызда ұлттық бірлікті, келісім мен бейбітшілікті дамытатын жұмыс  көп», - деді Ж. Түймебаев.

Өз кезегінде «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы Шавкат  Исмайылов Қазақстан Конституциясында  барлық этностардың   дамуы мен салт-дәстүрін сақтауға  жағдай жасалғанын  еске салды.

«Біздің ассамблея Достық үйінде бір жылға жуық жұмыс істеп жатыр. Біз тек қалалық деңгейдегі мәселелерді ғана емес, республикалық мәселелерді шешуге бастамашылық білдірдік. «Қырғызстан-Астана»  этномәдени ұйымы  14 жыл бойы қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде  ғылыми, әлеуметтік, гуманитарлық салаларды қамтитын қызметтің белгілі бір түрі қалыптасты», - деді ол.

Ш.Исмайылов айтып өткендей, қызметтердің бағыты қоғам  сұранысының нәтижесінде қалыптасқан.

«Біздің ұйым қырғыз этникалық тобымен ғана шектеліп қалған жоқ. 2011 жылы екі елдің ассамблеялары меморандумға қол қойды. 2015 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Ш.Айтматов көшесі ашылды. Ал,  биылғы мамырда №79 мектеп-лицейінде Шыңғыс Айтматовтың музейі ашылды. Қазақстан мен Қырғызстан елшіліктерінің ынтымақтастығы нәтижесінде   2012 жылы Бішкекте Мұхтар Әуезовтың ескерткіші орнатылды», - деді Ш.Исмайылов.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы  ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Алтынай Тәңірбергенова Аналар кеңесіне  қайырымдылықпен, қоғамдық жұмыспен белсенді  айналысатын әйелдер енетінін айтты.

«Бізде отбасы институты қажетті деңгейде жұмыс істеп тұр. Біз әрбір отбасыға жанұяны сақтап қалуға, балаларды тәрбиелеуде қолғабыс көрсетеміз. Біз үлкендерге құрмет, кішіге ізет тәртіптерін ұстанамыз. Біздің басыт мақсатымыз қолдаумен әр адамның жүрегіне жылу сыйлау. Аналар кеңесінің жұмысына белсенді қатысатын тұлғаларға алғыс айтқым келеді», - деді А.Тәңірбергенова.

Сонымен қатар, Ұйғыр мәдени орталығының төрағасы Рустам Абдусаламаов Жастар жылына қатысты өз пікірін айтып өтті.

«Бүгінде қазақстандықтардың орта жасы  29,3-ті құрап отыр. Елдегі халықтың    1,5 бөлігін жастар құрап отыр. Қазір Қазақстанның жас екенін және өмір сүру режимі де өте белсенді екенін көріп отырмыз. Біз Тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп келе жатқан жастармыз. Біз үшін жасалған жағдайдың нәтижесінде мен өзімнің  36 жасымда  2 магистрлік стипендияға иемін. Қазіргі таңда өзімнің докторлық диссертациямды қорғап жатырмын. Ірі мемлекеттік ұйымдар мен Ұлттық компанияларды жұмыс істеген  10 жылдық еңбек өтілім бар. Бірнеше тілді меңгергем және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып тұрамын», - деді Р. Абдусаламов.

Сондай-ақ, ол өзінің Қазақстан азаматы екенін мақтан тұтанынын айтты.

«Біздің елде  жеке тұлғалық дамуға барлық жағдай жасалғанын айтқым келеді. Мен өз баяндамамды өзін-өзі іздеп жүрген жастарға арнаймын. ЖОО тәмамдаған соң, мен өзімді алдымен Алматыдан, кейін Мәскеуден іздедім. Алыс шетелге кету ойлары да болды. Бірақ, мен өз үйімізде, осында қажет екенімізге көзім жетті. Себебі, елдің гүлденуіне біз үлес қоспағанда, басқа ешкім қоса алмайтынына көз жеткіздім. Бірнеше жыл өткен соң, бұл шешімімнің дұрыс екенін білдім. Біздің отбасында қазақ, орыс, ұйғыр барлық ұлттың өкілдері бар. Сондықтан да, осы жердегі отырған адамдардың тең жартысы менің туысым деп айтсам болады», - деді Р.Абдусаламов.

Сондай-ақ, ол  1995 жылы  ҚХА-ға қойылған мақсат орындалғанын айтты.

«Жастарға айтатыным, барлығы біздің қолымызда. Мансап бойынша көтерілгің келсе, жұмыс істеу қажет. Әрбір іске қатысты оң және теріс жағдайлар болады. Барлығы мінсіз жүзеге асатын ешқандай  дүние жоқ. Осы орайда, Президент Қ. Тоқаевтың көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың несиелерін  өтеу бастамасын атап өткім келеді. Бұл қажетті назар аудартатын іс. Әр адам өзінен бастауы керек. Өзі –өзіңмен үйлесім әркез мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, барлық адамдарға, бұл әлемге деген махаббат болу керек. Біз барлығымыз біргеміз. Арыстағы жағдай да қазақстандықтардың біртұтас, бірге екенін байқатты», - деді ол.

Сондай-ақ, спикерлер сөйлеп болған соң сессияның қарары қабылданған болатын.

Құжатта Елбасы бастаған халқы Ассамблеясының  Елбасы бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеті - халық бірлігін нығайту үшін қоғамды ортақ іске жұмылдыру екені айтылған. 

«Біз ұлттық бірліктің бірегей бағытын ұстана отырып, еліміздегі тұрақтылықты сақтау үшін барлық күш-жігеріміз бен тәжірибемізді аянбай жұмсай береміз.
Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 25 жылдығы орайдағы кезеңде бүкілхалықтық мүддеге сай, жалпыұлттық институт өкілі ретінде танылды. Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының 18-ші сессиясының қатысушылары елді бір мақсатқа біріктіру мен қоғамдық сананы жаңғырту идеясына адал екендерін білдірді. Бұл жасампаз қызметке әрбір қазақстандық ұлты мен діни нанымына қарамастан, үлес қосуы тиіс», - делінген Қарарда.

Сондай-ақ,  Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ел Конституциясының 25 жылдығы келесі жылдың айтулы күндері болып саналады.

«Жоғары деңгейдегі әлеуметтік жауапкершілікті күшейту үшін оған елдегі барлық жауапты азаматтар қатысуы қажет. Осыған байланысты біз өзіміздің белсенді азаматтық ұстанымымызға жауапкершілікпен қарайтынымызды мәлімдейміз.Біз Қазақстан халқының және Нұр-Сұлтан қаласындағы этностардың мақсатты істерінің даму басымдықтарына қолдау көрсете отырып, нәтижелі жетістіктерге қол жеткізетін боламыз», - делінген құжатта.

Сессия соңында  Ж.Түймебаев пен А.Көлгіновтың атынан Қазақстан халқв Ассамблеясына үлес қосқан тұлғаларға алғыс хаттар берілді.  

Іс-шараға   мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Аналар кеңесінің мүшелері және өзге ұйым мүшелері қатысты.

Аягөз Құрмаш

Фото: Артем Чурсинов




Яндекс.Метрика