Үкімет

Қазақстанда 2 жылда IT-стартаптарға 29 млрд. инвестиция салынды

Astana Hub халықаралық технопаркі 2018 жылы 6 қарашада ресми ашылды. Қазіргі таңда ол ұлттық инновациялық экожүйе ретінде қалыптасуда. Оның құрылу негізіне Сингапур, Оңтүстік Корея сынды елдердің тәжірибесі алынған болатын. Қазіргі таңда бұл жоба алғашқы нәтижелерін көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, Astana Hub іске қосылғалы 2018-2019 жылдардың ішінде IT-стартаптарға 29 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылған. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Үкімет отырысында Ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық экожүйенің дамуы туралы айтып берді.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 13:49

Министр Асқар Жұмағалиев 2018 жылы Astana Hub халықаралық технопаркі ашылған сәттен бері IT-стартаптарға 29 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылғанын жеткізді.

«Astana Hub технопаркіндегі жұмыс көлемінің артуы бағдарламалардың инвестициялық тартымдылығы мен жоғары қызығушылыққа ие екенін дәлелдейді.  Бүгінгі күні технопарк 100%-ға толық. 260-тан астам стартап, яғни 1000-нан астам адам инкубация және акселерация бағдарламаларынан өткен. Осымен бірге, өткен жылдың қорытындысы бойынша Astana Hub IT-қоғамдастыққа арналған еліміздегі ең танымал нетворкинг-алаңға айналды. Технопарк базасында 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оған шамамен 20 000 адам қатысты», - деп мәлімдеді Асқар Жұмағалиев.

Стартаптарды әрі қарай зерттеу және білім беру жағынан қолдау көрсету үшін технопаркте CISCO, IBM, Huawei, Intellisense сияқты компаниялардың 16 R&D-орталығы ашылды. Бұл орталықтарда кеңес беру, техникалық сараптама жүргізу, арнайы жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етулер қолжетімді. Жаңашыл қызметкерлер үшін тұрақты негізде білім беру іс-шаралары өткізіліп тұрады. Ұйымдастырылған 122 кездесуге 2500-ге жуық тыңдаушы қатысқан.

«Инновациялық экожүйені дамыту үшін венчурлік қаржыландыру туралы заң қабылданды, онда венчурлік қорларды мемлекетпен бірлесіп қаржыландыру арқылы қолдау көрсету көзделген. Осы заң аясында "Qazaqangels" бизнес клубы мен "Qazaq Techventures" секілді салаға қолдау көрсету институтын құру мүмкін болды. Жуық арада екі венчурлік қорды іске қосу жоспарда бар. Баса назар аударатын тағы бір сәт-венчурлік инвестицияларды бүгінгі күні «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында ресімдеуді және тәуекелдік инвестициялар саласы үшін "алтын" стандарт болып табылатын ағылшын құқығы принциптерімен реттеуді жүзеге асыру мүмкін болып отыр», - деді министр.

Бүгінгі таңда жергілікті биліктің қолдауымен еліміздің аймақтарында да ІТ-хабтар ашылуда. Толыққанды экожүйені дамыту жөнінде одан әрі жағдай жасау үшін Министрлік оларға барынша қажетті әдіснамалық қолдау көрсетуге дайын.

Сондай-ақ министр ірі өндірістік компанияларды Қазақстанның цифрлық дамуына 1 пайыз болсын үлес қосуға шақырды.

Өңірлер арасында Айти саласындағы инновациялық шаралар бойынша Павлодар облысы алда көрінеді. Облыстағы осы сала бойынша жаңалықтарды әкім Болат Бақауов баяндап берді.

«Облыста инновациялық Айти саласындағы экожүйені құруға қолайлы жағдай жасалған. Біздің өңір екінші жыл қатарынан инновациялық өнім көлемі бойынша көшбасшылық позициясын сақтауда. Бұған жас стартапшылар өз үлестерін қосуда. Оның ішінде: Павлодар мемлекеттік университетінің халықараралық стартап академиясы, Павлодар өңірлік ғылыми технологиялық орталығының бизнес орталығы, Айти және жастар бастамаларын дамыту орталығының робототехника кабинеті, Павлодар мемлекеттік университетінің Айти хабы бар. Айти хаб бүгінгі таңда инновациялық өнімдер әзірлеу, стартаптарды инкубациялау бойынша Астана Hub паркімен тығыз ынтымақтастық жасауда. Нәтижесінде 680 стартапшы бизнес жобасын дамытуда. 8 авторлық куәлік алынды, 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыста 1,5 теңгеге 15 жоба қаржыландырылды. Біз цифрлық Қазақстан жобасы шеңберінде инновациялық технологияларды белсенді енгізудеміз. Білім және денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Онда электронды кезекке тұру 90 %-іске асырылып жатыр. Барлық денсаулық сақтау мекемелері интернет желісіне қосылды және 20-дан астам түрлі медициналық ақпараттық жүйені қолданды. 780 мыңнан астам павлодарлықтың деректері электронды денсаулық картасына енгізілді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында Павлодар мен Екібастұзда көше жарығын жаңғырту жобасы аяқталды. Бұл электр энергиясын тұтынуды 60 пайызға төмендетті. Үнмедеу 27,2 теңгені құрады. Барлық автобустар GPS тіркемесімен жабдықталған. Өткен жылы 5 млрд теңгеге 11 жоба іске қосылды», - деді Павлодар облысының әкімі.

Асқар Жұмағалиев сөзінің соңында өңірлерде Айти хабтар белсенді ашылып келе жатқанын алға тартты. Ол Астана хабпен белсенді жүмыс жасап жатқан аймақтарға: Алматы, Тараз, Қызылорда, Қарағандық қалаларына алғыс білдірді. Басқа өңірлерді де осы жұмысты біре атқаруға шақырды. Биылғы жылы аймақтық технопаркетер мен ЖОО қамтитын да жеткізді. Астанахабтың қолжетімді жеңілдіктері өңірлерге жеткізілетін көрінеді. Сөйтіп, осындай шаралар арқылы толыққанды экожүйені дамытуға жағдай жасалмақ.

Айдана Абдрахманова

Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

 




Яндекс.Метрика