Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Қазақстандықтар қаржылық сауат арттыруы үшін тегін курс ашылды

Қазақстан республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың алға қойған 10 міндетіндегі бастты бағыттың бірі – өңірлерді дамыту. Осы мақсатта Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстанның өңірлерінде тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін дәрістер циклын өткізуді қолға алды. Сондай-ақ, ҚР ҰБ қаржылық қызметтер бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғауды мақсат қойды.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 18:41

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстанның өңірлерінде «Қаржылық сауаттылық: заманауи қоғамдағы рөлі» тақырыбына қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер циклын өткізуді қайта бастайды.

Алғашқы дәрістер 26 маусымда Қарағанды қаласында басталады. Бұл жобаның негізгі мақсаты Қазақстанның бүкіл өңірлеріндегі тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған кең ауқымды ақпараттық-түсіндірме науқанын өткізу болып табылады.

«Қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер циклы шеңберінде тыңдаушылар жеңіл және қолжетімді форматта қаржы нарығының жұмысы, қаржы институттары және олар ұсынатын өнімдер, сондай-ақ оларды пайдалану дағдылары туралы, танымал қаржы құралдары туралы, жеке бюджетті сауатты басқару қажеттілігі туралы, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі және көптеген басқа мәселелер туралы біле алады», - дейді ҚР Ұлттық банк өкілдері.

Дәрістер мемлекеттік тілде және орыс тілінде Қазақстанның 8 қаласында өткізіледі:

• Қарағанды - 26 маусым

• Өскемен - 15 шілде

• Тараз - 19 тамыз

 • Шымкент - 21 тамыз

• Талдықорған - 23 тамыз

• Алматы - 26 тамыз

• Қостанай - 16 қыркүйек

 • Нұр-Сұлтан - 2 қазан.

Қаржылық сауаттылық бойынша дәріс беретіндердің қатарында Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының өкілдері, өңірлік БАҚ-тың белгілі журналистері және жетекші қаржы ұйымдарының өкілдері  бар.

Дәрістерге кез келген ниет білдіруші келе алады. Дәріске қатысу үшін мына телефон арқылы жазылуға болады: +7-707-188-2607. Қатысу тегін.

Осындай дәрістер циклы Қазақстанның өңірлерінде 2018 жылы өткізілген. Ол кезде дәрістерге 1000-нан астам адам қатысты, олар қысқа мерзім ішінде қаржылық сауаттылық негіздері, қаржы жүйесі және негізгі қаржы өнімдері туралы білді.

Сондай-ақ бүгінде Қазақстан Ұлттық Банкінің басым міндетінің бірі болып  Қаржылық қызметтер бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі тұр.



«Аталған міндеттің шеңберінде Ұлттық Банк азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, тұтынушылар құқықтарының бұзылуын анықтау, азаматтарға құқықтық көмек көрсету арқылы қаржылық қызметтерді, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырады», - дейді ҚР Ұлттық банк.


Қажетті ақпаратты алу үшін Сіз Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесі call-орталығының мына телефондарына хабарласа аласыз:+77272619213, +77272788104 (ішкі 5571 немесе 5573).

Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67-үй мекенжайы бойынша күн сайын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (13:00-ден 14:30-ға дейін үзіліс) Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Алдын ала жазылу талап етілмейді.

Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына өтініш білдіре алады. Филиалдардың байланыс деректері ҚРҰБ сайтында «Ұлттық Банк туралы» бөлімінде жарияланған.

Сондай-ақ Сіз Google Play Market, App Store қосымшалары арқылы немесе NBK Оnline web-нұсқасын қолдана отырып жүктеуге болатын «ҚҰБ Online» мобильді қосымшасы арқылы өтініш білдіре аласыз.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:

+77272788008

+77272788121

www.nationalbank.kz


Айдана Абдрахманова














 




Яндекс.Метрика