Цифрлы Қазақстан 2022

АММ: Тау-кен металлургия саласының даму ахуалы

«Astana Mining & Metallurgy» Х - Халықаралық тау-кен металлургия конгресі алаңында мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жетекші әлемдік компаниялар, Қазақстанның және басқа да елдердің сарапшылары мен қаржы құрылымдары кездесті.ТМК саласындағы жаңашылдықтар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Нұр-Сұлтан13 Маусым , 12:23

Конгресс аясында екі күн бойы форумдар мен панельдік сессиялар өтті, онда саланың өзекті мәселелері талқыланады, келесі бағыттар бойынша үздік тәжірибелер және идеялармен алмасу барысы жүзеге асырылады: өндіру мен өңдеуді цифрландыру, тау-кен металлургия кешеніндегі (ТМК) өндірістік процестердің тиімділігін арттыру, инвестицияларды тарту және минералдық-шикізат базасын толықтыру, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" жаңа Кодекстегі құқықтық реттеу мәселелері және т. б.

Форум жұмысының алдында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешенінің бірқатар компанияларымен және кейбір шетелдік кәсіпорындардың өкілдерімен кездесулер өткізді.

«Тау-кен өндіру, металлургия және көмір кәсіпорындарының қызметі елдің ЖІӨ-нің 7% - дан астамын алады, яғни отандық экономиканың алдыңғы қатарлы саласы болып табылады. Үкімет алдында шикізат индустриясын, табиғи ресурстарды басқару тәсілдерін, өндірістерді жаңғыртуды жүргізу, оның ішінде үздік технологиялар трансферті және заңнаманы өзектендіру есебінен сыни қайта ойлау және ұйымдастыру міндеті тұр. Бүгінгі күні Қазақстанның жаһандық мақсаттарға қол жеткізуі үшін қажетті шарттар мен ресурстар бар кезде алдымызда бар әлеуетті іске асыру міндеті тұр», – деді министр Р.Скляр.

Сондай-ақ, Р. Скляр 2018 жылы елдің көмір өндіруші компаниялары 113,7 млн.тонна көмір өндіргенін, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5,4% - ға артық екенін айтты.

«Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ (ТМКҚ) атқарушы директоры Николай Радостовец өз сөзінде көмір өнеркәсібінің шешімін талап ететін бірқатар маңызды проблемаларға назар аударды.

SAP, Hatch, FLSMIDTH, FreeportMcMoRan сияқты ірі компаниялар отандық кәсіпорындарға цифрландыру жобаларын енгізудің табысты кейстері туралы баяндады.

Киберфизикалық және роботталған жүйелерді енгізу, үлкен деректерді және индустрияның басқа да 4.0 технологияларын талдау арқылы өндірістік және көліктік шығындарды төмендету, бизнес-процестерді оңтайландыру, жаңа бизнес-модельдерді енгізу, өнеркәсіптік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттыру мүмкін екендігін атап өту қажет.

Бүгінгі күні саланың ірі отандық компаниялары цифрландыруды дамытудың өз стратегиясын қалыптастырды және қазірдің өзінде жағымды өзгерістер бар.

Олар 2022 жылға дейін жалпы сомасы 200 млрд. теңгеден асатын 20 ірі жобаны жүзеге асыратын келесі компаниялар: Еуразиялық Топ, Қазмырыш, Арселормиттал Теміртау, Алтыналмас, Қазақмыс корпорациясы, Қазминералс, Өскемен титан-магний комбинаты.

Сонымен қатар, конгресс  аясында  мерейтойлық «Алтын Гефест» республикалық салалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Жеңіске жеткен номинанттар ТМК саласының озық мамандары арасында өздерінің лайықты кәсіби жетістіктерін мойындатты және қаржылай марапатталды, ал Жылдың үздік дипломдық жұмысымен жеңіске жеткен студент тау-кен металлургиясы саласындағы дүниежүзі бойынша озық компаниялардың біріне тәжірибелік жұмысқа қабылданады.

«Алтын Гефест» сыйлығы Қазақстанның тау-кен металлургия саласының ең беделді марапаты болып табылады және тау-кен металлургиясы саласының кәсіпқойлары мен жас мамандары үшін өте маңызды. Он жыл бұрын «Алтын Гефест» сыйлығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа табысталған болатын, осылайша конкурстың болашақ қатысушыларының жобаларына кәсіби және шығармашылық талаптардың жоғары деңгейін берген. 

Бүгінгі таңда салада 350-ден аса тау-кен және 270 металлургиялық компаниялар жұмыс жасауда, 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. 2019 жылы «Алтын Гефест» сыйақысынан 184 геология, тау-кен және металлургия саласындағы мамандар, жобалық, ғылыми, оқыту мекемелері және кәсіпорындарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тау-кен металлургиясы саласы туралы жазатын тілшілер үмітті.

«Алтын Гефест-2019» 13 номинациядан тұрады, оның жүлдегерлері қатарында мамандар мен сарапшылардан бөлек, бизнес-процестерде жаңа тәсілдерді қолданған алпауыт компаниялар да бар. Олар: Жыл кәсіпқойы (Жыл геологы, Жыл кеншісі, Жыл металлургы), Жыл жобасы, Инновациялар бойынша жыл көшбасшысы, Қазақстандық құрам бойынша көшбасшы, Жылдың ғалым-педагогы, Жылдың дипломдық жұмысы, Жыл медиа-жобасы (Баспа және интернет-ресурстардағы ТКМ туралы үздік журналистік жұмыс, ТВ-дағы ТКМ туралы үздік журналистік жұмыс, ТКМ-де Адам еңбегі туралы үздік журналистік жұмыс (арнайы сыйақы)), ТКМ-дегі үздік digital-шешім (Еуразиялық Топ (ERG) арнайы сыйақысы) және Үздік шетел серіктесі.

Салтанатты марапаттау рәсімі барысында жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

«Жыл геологы» атағы үшін мамандықтың 20-дан аса озық өкілдері сынға түсті. «Асбест геологиялық барлау мекемесі» ЖШС бас директоры Джафаров Низами Наджафоглы үздік деп танылды. Ол хризотил-асбесттің пайда болуының геологиялық-генетикалық үлгісін және кен орнын сақтауды ойлап тапты, Қазақстанның минерагениялық аудандарының картасын әзірлеп және Республикада хризотил-асбесттің минералды-шикізаттық әлеуетін анықтады. Бүгінгі таңда оның басшылық етуімен Қазақстан және Ресей аумағында көптеген кен орындарын зерттеу бойынша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде.

«Жыл кеншісі» номинациясының жеңімпазы «Коппер Технолоджи» ЖШС техникалық директоры - бас инженері Чернобровкин Игорь Юрьевич атанды. Өзінің қызмет жылдарында ол бұрғылап-жару жұмысының параметрлерін оптимизациалады, бұл өз кезегінде қума метрден шығуды арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ол кен шығарылатын орынның шекті жиегінде кен құламаларын өңдеу технологияларын әзірледі, сондай-ақ кенді сапалы орталықтандыру үшін кен қоймаларын қайта құрды.

«Жыл металлургы» болып «Kazakhmys Smelting» компаниясының Балқаш мыс қорыту зауытының бас инженері Қасымбеков Бексұлтан Жұмагелдіұлы танылды. Бексұлтан Жұмагелдіұлы компанияның мыс қорытатын өндірісінде агрегаттар мен технологияларды қайта құру және жетілдіру бойынша жұмыстарға белсенді қатысты. Жезқазған мыс қорытатын зауытта РТБ жаңартуына белсенді қатысты. Қазіргі уақытта қорытудың осы технологиясы Жезқазған шикізатын толық қайта өңдеу мүмкіндігі бар жалғыз технология болып табылады.

«Жыл жобасы» - «Цифрлық кенші» атағының иегерлері, «Алтыналмас АК» Акционерлік қоғамының қызметкерлері. Жоба цифрлық технологияларды және 4.0 Индустриясының элементтерін енгізу шегінде жүзеге асырылады. Жобада жер асты және ашық кен жұмыстарын автоматтандыру, алтын өңдейтін компания фабрикаларын автоматтандыру, онлайн режимде өндірістік процесс туралы ақпарат алу мүмкіндігімен интеграцияның бірнеше деңгейлерін автоматтандыру және шешім қабылдау үшін күрделі талдамаларды орындау қарастырылған.

Табиғи ресурстарды қазу және қайта өңдеу бойынша халықаралық ірі компания - «Востокцветмет» «Kaz Minerals» тобы «Қазақстандық мазмұн бойынша көшбасшылар» номинациясын иеленді.

«Инновациялық көшбасшы» атағын «Ғылыми әзірлемелерді өңірлік және халықаралық инновациялық ортаға біріктіру» жобасымен «Қазақстан Республикасының минералды шикізатын кешенді қайта өңдеу бойынша Ұлттық орталық» иеленді.

Ерекше күтілген жаңа номинация «ТКМ-де үздік digital-шешім болып табылады» (Алтын серіктес «ERG» компаниясының арнайы сыйақысы). «Казцинк» компаниясы және оның «Жаңа бизнес – талдау» жобасы номинация жеңімпазы атанды. Аталған жоба «Altyntau Kokshetau» алтын өндіретін компаниясының негізінде іске қосылды, ол «Казцинк» компаниясының еншілес компаниясы болып табылады. Жаңа бизнес – талдау геологиялық барлаудан басталып байыту фабрикасында дайын өнімді шығарумен аяқталатын барлық процесстерден тұратын, ауысымдық-тәуліктік өндірістік есептілікті толық автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Сыйақы барысында сала үшін жоғары білікті кадрларды дайындайтындарға да құрмет көрсетілді – «Жыл ғалым-педагогы» болып Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының профессоры, академик, техника ғылымдарының докторы Исагулов Аристотель Зейнуллинович таңдалды.

Талантты жас кадрлар – мемлекеттің ТМК саласының болашағы да назарсыз қалған жоқ, «Жыл дипломдық жұмысы»номинациясын «Кентіректерді жобалау үшін біріктірілген, автоматтандырылған веб құрал» тақырыбындағы дипломдық жұмыстың авторы Маденова Еркежан Кенжебекқызы иеленді. Еркежан биылғы жылы Назарбаев Университетінің Тау кен ісі және жер ғылымдары мектебін үздік аяқтады.

Журналистиканың біздің өміріміздің барлық салаларындағы маңызы зор және тау-кен металлургиясы саласы үшін де ерекше. Ең көп күткен номинациялардың бірі журналистерге арналды.

Карягина Светлана Александровнаның «Барлығы тек қана теория негізінде жұмыс істеуде» атты мақаласы «Жыл медиа-жобасы Баспа және интернет-ресурстардағы ТКМ туралы үздік журналистік жұмыс» деп танылды.

«ТВ-дағы ТКМ туралы үздік журналистік жұмыс» сыйақысына Азғанбаев Жалғас Базарбайұлы және оның «26-шы элемент» деп аталатын документалдық фильмі ие болды, онда Қазақстанның темір-кен алыбы - Соколовско-Сарбай тау-кен байыту өндірісінің бірлестігі батырларының өмірлері көрсетілген.

«ТКМ-де Адам еңбегі туралы үздік журналистік материал» арнайы сыйақымен авторы Викторя Ляхова және оның «Тау-кен металлургиялық өнеркәсібі» журналында жарияланған «Мирасқорлық бойынша металлургия» материалы белгіленді.

«Үздік шетелдік серіктес» номинациясын FLSmidth компаниясы жеңіп алды, ол Қазақстан нарығында KazMinerals-пен және оның серіктес компанияларымен ынтымақтасып жұмыс істейді. FLSmidth инженерлерінің Ақтоғай и Бозшакөл кен орындарында тұрақты болуы жергілікті персоналға технологиялық жабдықты жеткізу және қызмет көрсету бойынша дүниежүзілік көшбасшының технологиясы мен жабдығы туралы озық білімдеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Аталған сыйлықақының беделі жыл сайын артып келе жатқанын атап өту керек. Он жыл ішінде 120-дан аса мамандар мен сала ұйымдары марапатқа ие болды. Қазақстанда 2018 жылы Дүниежүзілік Тау-кен Конгресін өткізудің арқасында «Алтын Гефест» сыйақысы дүниежүзілік құрметке ие болды. Ол ең алдымен Инвестициялар және даму министрлігінің жан-жақты қолдауының арқасында және іс-шараның басты серіктесі - Еуразиялық Топтың (ERG) арқасында мүмкін болды.

Айта кетейік,  биылғы жылы «AMM» Конгресі жаңа пікірталас форматында өтуде. Іс-шараның негізгі желісі - "Цифрландыру және инвестициялық көкжиектер". Бұл шараға әлемнің 21 елінен 711 делегат қатысуда.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика