Парламент

Мәжілісте «Мемлекеттiк қызметтер көрсету туралы» ҚР Заңының жобасы мақұлданды

Парламент Мәжiлiсiнің депутаттары «Мемлекеттiк қызметтер көрсету туралы» ҚР Заңының жобасын екiншi оқылымда мақұлдады.
Казахстан06 Наурыз , 00:00

Заң жобасының негiзгi мақсаты – мемлекеттiк қызметтер көрсетудi заңнамалық реттеу, мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiне қойылатын бiркелкi талаптарды қамтамасыз ету, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер саласындағы мемлекеттк органдар өкiлеттiктерiнiң аражiгiн нақты ажырату, мемлекеттiк қызметтердi, оның iшiнде оларды электрондық нысанда көрсету рәсiмдерiн жетiлдiру. 

Бұл заң жобасы 2013 жылғы 23-шi қаңтарда бiрiнші оқылымда мақұлданды. Жұмыс тобының заң жобасымен жұмыс iстеуi барысында депутаттар көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi алушылардың құқықтарын, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң құқықтары мен мiндеттерiн нақты регламенттеудi белгiлеуге, ҚР үкiметiнiң және уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы құзыреттерiн айқындау жөнiндегi жаңа тарауды енгiзуге, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын, регламенттерiн және тiзiлiмiн әзiрлеуге, олардың мазмұнына қойылатын талаптарды нақтылауға бьағытталған түзетулердi енгiздi. Сонымен қатар, мемлекеттiк қызметтер, оның iшiнде оларды халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету процестерiн оңтайландыру мен автоматтандыру жөнiндегi ноталарды нақтылауға, мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау мен бақылау жүргiзу тәртiбiн нақтылауға, қоғамдық мониторинг жүргiзу және көрсетiлетiн қызметтi алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мен тәртiбi туралы хабардар ету жөнiндегi нормаларды жақсартуға бағытталған түзетулер де енгiзiлдi. 

Сонымен қатар, мәжiлiсмендер «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызметтер көрсету туралы мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасын да екiншi оқылымда мақұлдады. 

 «Заң жобасы жұмыс топтарында нақты талқыланып, 300-ге жуық түзету енгiзiлдi. Бұл Заң жобасы өте маңызды, өйткенi мемлекеттiк қызметтер саласы бұл – қоғамның көңiл-күйiн сипаттайтын сала. Сондықтан, Заң жобасы маңызды және өте өзектi болып табылады. Ол көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерiн арттырып қана қоймай, олардың сапасын да арттыруға мүмкiндiк бередi. Бұл бiрiншi кезекте әлеуметтiк блокқа әсер етуi тиiс. Бұл мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттестiгiн тиiмдi iске асыруға қажет шарт болып табылады. Бұған бiздiң Президент «Қазақстан-2050» стратегиясында ерекше назар аударып отыр», - дедi төменгi палата спикерi Нұрлан Нығматулин.




Яндекс.Метрика