Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру: «Жазира Жайық» көрмесі батыстың ерекшелігін паш етті

ҚР Ұлттық музейінде БҚО әкімдігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облыстық музейінің тарихи-өлкетану ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы суретшілерінің шығармашылық туындыларынан жабдықталған «Жазира-Жайық» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 18:30

Жайық бойының байырғы тұрғындары мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы көне замана қойнауларынан бастау алады.Көрмеге 1990 жылдардың өзінде-ақ бүкіл Еуропаны өз шеберлігімен мойындатқан Сәкен Ғұмаров сынды шеберлерінің картиналары қойылды. Көрмеге бейнелеу өнері шығармаларын, көркем туындыларды отан сүйгіштіктің негізгі анып, өткен ғасыр мен келешек арасындағы рухани үндестік ретінде қарауға  көркемсурет көрмесіне өңірдегі белгілі суретшілердің шығармалары  ұсынылған бейнелеу өнер көрінісі деп танып, өткен болады. Аталмыш көркемс сарапталып, іріктеу негізінде койылып отыр.

Бейнелеу өнерінің Еуропалық түрі облыста ХХ ғасырдың орта шенінде өріс ала бастады. Парламент Сенаты депутатының айтуынша, бұл көрме бірегей.

«Бүгін бірегей көрмені тамашалап отырмыз деп айтуға болады. Себебі, бұл Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан алғашқы өңірлік  көрме. Бұл көрмеге қойылған картиналардың авторларын мен жеке таныймын. Жайықтың танымал суретшісі Сәкен Ғұмаровпен таныс болу бақыты бұйырыпты. Өзінің жеке  альбомын да табыстаған болатын. Оның картиналары  90-шы жылдары ел шекарасынан тысқары да қойылған болатын. Ол халықаралық дәрежедегі суретші деп айтуға болады. Өзге де суретшілер де бар. Тарихпен ұштасқан картиналар бүгінгі күннің  бейнесіне  сабақтасып тұрғандай», - деді Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова.

Депутат өңірлік  көрмелерге  қаржыны аямай  Ұлттық музейде жиі өткізу керек. Себебі, қажеттілік өте жоғары.

БҚО Суретшілер одағының төрағасы Қуандық Мәдір Жайық елі өнерге кенде болмаған өлке екенін айтты.

«Тарихқа қарайтын болсақ, талай дүлдүл, ақындар мен батырлар шыққан жерден суретшілер шықпауы мүмкін емес. Батысқазақстандық  17 суретшінің  60-қа тарта  туындысын әкеліп отырмыз. Осыдан  10 жыл бұрын бастау алған «Жазира Жайық» көрмесі бұдан бұрынғы жылдары Алматыда көрмесін өткізген болатын. «Жазира Жайық» Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын басшылыққа ала отырып, көрме ұйымдастырылды.

«Жеткізілген суреттердің барлығын кәсіби суретшілер салған. Елге белгілі Жазушылар одағы мүшелерінің туындылары бар. Тарихи, тұрмыстық, махаббат тақырыбындағы картиналар қойылып отыр көрмеге, сондай-ақ, қолөнер бұйымдары да бар. Оны талантты бауырларымыз жасап отыр», - деді Қ.Мәдір.

1980 жылы Орал қаласында Қазақстан Мәдениет министрлігі көркемөнер көрмесі дирекциясының филиалы ретінде қалалық көрме залы ашылды. Көрме залы көркемөнер туындыларын насихаттау залы болып табылып, Мәскеу, Алматы, Санкт-Петербург және т.б. қалаларда түрлі тақырыптық көрмелер ұйымдастырды. 1990 жылы ҚР Суретшілер одағының БҚО бөлімшесі ашылды. 1997 жылы облыста өнерге жаны ауыратын бір топ азаматтардың бастамасымен «Өнер» қоғамдық қоры құрылды.

Қор кейінгі жылдары «Батыс Қазақстан облысының Суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігі болып қайта тіркеуден өтіп, өз кезегінде өңір өнерінің дамуына айтарлықтай үлес қосуда. «Жазира Жайық» атауымен соңғы он жылда көптеген облыстық, республикалық (Орал, Ақтөбе, Алматы, Атырау), халықаралык (Орал, Астрахань (Ресей). Самара (Ресей), Уфа (Башкұртстан, Ресей) көрме-конкурстар өткізіп келеді.

Облыста Қазақстан Суретшілері одағының 30-ға тарта мүшесі бар. Олар бейнелеу өнерінің графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер және мүсін өнері салалары бойынша еңбек етеді.

Ақ Жайық өнірі қылқалам халықаралық көрмелерге қойылып, сауатты сарапшылар тарапынан  шеберлерінің туындылары лайықты бағасын алып жүр.

Аягөз Құрмаш

Фото: Нұрлан Нұрышев 




Яндекс.Метрика