Басқару

«Nur Otan» партиясының мүшелері алдағы сайлау туралы

«Nur Otan» партиясының XIX съезіне Алматы облысынан 45, Қызылорда облысынан 30 делегат келген.Жалпы, съезд жұмысына 1500 адамның қатысты.
Нұр-Сұлтан23 Сәуір , 16:50

«Nur Otan» фракциясы басшысының  орынбасары Ирина Аронова бүгінгі съездің ерекше екенін атап өтті.

«Бүгін Президенттікке кандидат ретінде «Nur Otan» партиясы Қ. Тоқаевты ұсынып отыр. Бұл шара Тәуелсіз Қазақстанның тарих тарауына ерекше енетін съезд болып отыр. Еліміздің болашақ тағдырын айқындайтын оқиға. Қазақстанның  жетістіктерін әлемдік мойындау кезеңінде қоғамдағы табысты әлеуметтік өзгерістердің шыңында өкілеттікті мерзімінен бұрын тоқтату туралы Елбасы шешімі кемеңгерліктің тағы бір дәлелі», - деді ол.

Сондай-ақ, И.Аронова бұл миллиондаған қақақстандықтар үшін өте қызықты  әрі әсерлі сәт екенін атап өтті.

«Толқынысты айтып жеткізу қиын. Өйткені, Елбасы әрқашан да халқының жанында болды, бар және бола да береді. Бізді алға бастап, бағыт-бағдар беріп келе жатыр. Елбасы - дана әрі білімді көшбасшы. Бүгінгі күні бізді гүлденген Қазақстанға әкелген ең сенімді және нық қадамдар қабылданды», - деді ол.

Өз кезегінде Спорт ардагері, ҚР Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіров мемлекетіміздің мерейі үстем, келешегі кемел екенін атап өтті.

«Ұлы дала елі сіздердің парасатты  шешіміңіз бен ерен еңбегіңіздің арқасында әлемдегі  қарыштап дамыған  50 мемлкеттің қатарына қосылды. Күллі әлем Қазақстанның әлеуетін мойындады. Әлеуметтік-экономикалық ахуал зор екеніне сенім артты. 19 наурыз күні Елбасы президенттік өкілетті тоқтату туралы шешім қабылдады. Осы шешім   алты Алаштың жүрегін толқытқаны жасырын емес. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы сіздің Ұлы жолыңызды жалғастыруда орасан зор үлес қосып, халыққа үндеуін жолдады. 9 маусым  күні Президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады», - деді ол.

Сонымен қатар, ол Жер жәннаты –Жетісу жеріндегі бірқатар жетістіктерге тоқталып өтті.

«Бабаларымыздың аңсаған асқақ арманына қол жеткіздік. Жерімізге ырыс дәмі егілді. Бұл кезең қазақ тарихының алтын ғасыры деп бағалауға болады», - деді Ж.Үшкемпіров.

Ал  «Атамекен» ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов  өз сөзін  Елбасы Тәуелсіз дамыған Қазақстанның іргесін қалағанынан бастады.

«Өнеркәсіп күйреп, азық-түлік тапшылығын сезінген  90-шы жылғы дағдарысты басымыздан өткіздік. Жарты айға дейін айлығын ала алмай, қалаларымызда электр энергиясы таңертең және кешкі уақыттарда берілген кезеңдер болды. Осы қиын-қыстау кезеңдерді жас ұрпақ ұмытпауы керек. Осы қиыншылықтарға қарамастан  ҚР Тұңғыш Президент нарықты экономиканы қалыптастырып, жеке меншік институтын енгізіп, бизнеске анық әрі түсінікті ойын ережесін айқындап берді. Елбасы отандық кәсіпкерлердің негізін қалап, дамуына жол ашқан жүйелі жұмыстарды тікелей арттырды», - деді А.Мырзахметов.

Сондай-ақ, ол аз уақыттың ішінде Қазақстан 50 елдің қатарына енгенін айтты.

«Дамыған 30 елдің қатарына қосылуға бағытталған Стратегия жүзеге асырылуда. Бұл стратегияның негізгі мақсаты  - еліміздегі ЖІӨ шағын және орта бизнестің санын 50 пайыздан арттыру», - деді А.Мырзахметов.

Сонымен қатар, «Айқын» республикалық газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп ел өміріндегі маңызды кезеңде халық жиналып отырғанын жеткізді.

«Кез келген саясаткер үшін шешім қабылдау –үлкен мәселе. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы ел тағдырына әсер ететін талай нақты реформаларды жүзеге асырды. Біз жақсы күндерге жеттік. Мемлекет құрудың ең қиын жолынан өттік. Егемендіктің ең алғашқы күндерінен бастап отандық БАҚ-ты үнемі қолдап келе жатырсыз. Осы жылдар аралығында Ұлттық баспасөзіміз қалыптасты. Айтарлықтай шыңдалды, жетілді. Елбасының барлық бастамаларын халыққа жеткізуде, түсіндіру мен  насихаттауда БАҚ өкілдерінің еңбегі өте зор», - деді Н.Жүсіп.

 

Аягөз Құрмаш

Фото: Бауыржан Жуасбаев 




Яндекс.Метрика