Басқару

Кезектен тыс XIX съезд: Қатысушылар пікірі

Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының төрағасы ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымеен партияның кезектен тыс XIX съезі өтеді. Съезд барысында 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға партия атынан түсетін кандидаттың есімі жария етілетін болады. Қазіргі уақытта партия съезіне өңірлерден келетін делегаттардың саны белгілі болды. Мәселен, Алматы облысынан 45, Қызылорда облысынан 30 делегат келген.
Нұр-Сұлтан23 Сәуір , 10:12

Жалпы, съезд жұмысына 1500 адамның қатысатындығы жоспарланған.

Танымал ақын  Жүрсін Ерман билеуші партия халықтың әлеуметтік жағдайына көп көңіл бөлуды жалғастырса деген ниет білдірді.

« Еліміздегі үлкен саяси оқиға. Съездің делегаты емеспін. Шақырылған қонақпын. «Нұр Отан» билеуші партия ғой. «Нұр Отанның» дегені болады. Кімді ұсынса, сол болады деп ойлаймын. Елімізде демографиялық өзгерістер жоқ. Халықтың еркін, халықтың қалауымен шешілетін дәуірге жеткен жоқпыз. Сондықтан,  мен тосын оқиға болады деп ойламаймын.Бірақ мақсаты не? Билеуші партия еліміздің әлеуметтік жағдайына, көпбалалы отбасыларға көмек беруге әлеуметтік саясатын әрі қарай жалғастырса екен», - деді ол.

Өз кезегінде өңірден келген делегат мүшесі Жанәділ Оспанов бүгінгі съездще барлығы анықталатынын жеткізді.

«Жалпы, кезектен тыс XIX съезде алдағы сайлау науқанына «Нұр Отан» партиясының атынан кандидат ұсынамыз. Сайлауалды бағдарламаға  сәйкес, алдағы сайлауға белсенді түрде қатысамыз. Жамбыл облысынан аталған шараға  квотаға сәйкес,  барлығы  22 делегат келді. Съез жұмысы барысында барлығы  нақты  белгілі болады», - деді «Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық   филиалы  төрағасының  бірінші орынбасары  Жанәділ Оспанов.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика