Халықаралық интеграция

Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізеді

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін шаралардың аңдатпасын жариялады.
Нұр-Сұлтан19 Сәуір , 10:48

Сәуірдің 21-23 күндері Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин алғашқы мемлекеттік сапарымен келеді.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ, бірқатар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сәуір айының 24 күні Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді.

Екі жақты кездесудің бағдарламасы бойынша қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде. 

Оқи аласыздар: 

Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын ілгерілету үшін нақты тапсырма берді

Ішкі істер министрлігінің жұмысы айқын әрі жүйелі болуы керек – Қ.Тоқаев

 




Яндекс.Метрика