Үкімет

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Астана қаласындағы Ұлттық биотехнология орталығына барды

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов салынып жатқан «Ұлттық биотехнология орталығы» ғылыми- инновациялық кешенінде болды. Нысан құрылысының барысы туралы Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов пен орталықтың бас директоры К.Момынәлиев хабарлады.
Ақмола06 Тамыз , 00:00
Ұлттық биотехнология орталығының құрылысы ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша жүргізілуде.

«Бұл еліміздің озық ғалымдары жұмыс істейтін теңдессіз ғылыми кешен болады. Ғалымдардың алаңсыз жұмыс істеуі, олардың тұратын жерге алаңдамауы үшін жағдайлар жасау қажет, яғни, бұл нысанның құрылысының сапасына қатаң бақылау жүргізу керек»,-деді С.Ахметов.
 
Жалпы аумағы 29,4 мың шаршы метр болатын кешен бес жеке ғимараттарға бөлінген. Оның ішінде әкімшілік және сараптамалық блоктар, виварий, энергия блогы, сондай-ақ қызметкерлерге арналған жатақхана бар.

Орталықты аралау қортындысы бойынша С.Ахметов мүдделі мемлекеттік органдар басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.



Яндекс.Метрика