Халықаралық интеграция

Қазақстан Президенті ЕҚЫҰ Төрағасымен кездесті

Қазақстан Президенті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Мирослав Лайчакпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан08 Сәуір , 14:56

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатының бейбітшілдік сипатын атап өтіп, еліміздің халықаралық ұйымдармен арадағы сындарлы ынтымақтастыққа адал екенін айтты.

« Сіздің Словакияның Сыртқы істер министрі әрі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде Нұр-Сұлтан қаласына келгеніңізге қуаныштымын», – деді Мемлекет басшысы.

Халықаралық ұйым жетекшісі ЕҚЫҰ-ның мақсаты қақтығыстардың алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жан-жақты тиімді ынтымақтастық орнату екенін атап өтті, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық дағдарыстарды реттеудегі стратегиялық рөліне ерекше тоқталды.

«Мені және делегациямызды қабылдауға уақыт тапқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Президент лауазымына кірісуіңізбен құттықтаймын, сондай-ақ Сізге және еліңізге зор табыс тілеймін. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде Қазақстанға келгеніме қуаныштымын», – деді Мирослав Лайчак.

Кездесу аясында тараптар күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен ықпалдастығының перспективаларына тоқталды.

Оқи аласыздар: 

Тоқаев пен Рогозин ғарыш саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қ.Тоқаев пен В.Путин бірлескен мәлімдеме жасады

 




Яндекс.Метрика