Басқару

Келесі жылы біз ҚХА 25 жылдығын атап өтуді жоспарлап отырмыз – Н. Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасың Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан04 Сәуір , 17:24

Кездесуде Қазақстан Республикасың Тұңғыш Президенті – Елбасыға Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясына дайындық барысы туралы баяндалды.

Елбасы алдағы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығын айтып, Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы 25 жылдығын мерекелеуге уақтылы әзірлік жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Келесі жылы біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуді жоспарлап отырмыз. Ассамблеяның мерейтойын орталықта да, барлық өңірде де жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Келісім, тұрақтылық, халықтар достығы, түрлі этникалық топтар, діни конфессиялар арасындағы өзара құрмет мемлекетіміздің және дамуымыздың негізі саналады. Бұл жоспарланған іс-шараның негізі болуға тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасың Тұңғыш Президенті – Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді.

« Қазіргі уақытта мұнай бағасының өсіп келе жатқаны байқалуда. Еліміздегі экономикалық ахуал мен теңге бағамы тұрақты. Жақында Ұлттық банк пен Үкімет тұрғындар үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Сіздердің тараптарыңыздан бұл дұрыс шешім деп ойлаймын», – деді Елбасы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция деңгейін сақтап қалу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімделді.

Оқи аласыздар: 

Нұрсұлтан Әбішұлының әлеуметтік бастамалары жалғаса береді – Мемлекет басшысы

Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істеуге тиіспіз – Н.Назарбаев

 




Яндекс.Метрика