Өңірлер

Астана – Нұр-Сұлтан веб-деректі жобасының тұсауы кесілді

Орталық Коммуникациялар Қызметінің алаңында Қазақстанның қалыптасуынан бастап, астанасының Нұр-Сұлтан атануына дейінгі тарихын баяндайтын «Астана – Нұр-Сұлтан» жобасының тұсауы кесілді. Ол тек мәтін мен бейнефильмдер ғана емес, жаңашыл ойдың жетістігі, мультимедиялық хикаяның әмбебап форматы – веб-деректі жобасы. Авторы - Думан Қожахметов.
Нұр-Сұлтан02 Сәуір , 12:39

«Бұл веб-деректі жоба – Қазақстанның қалыптасу тарихына басты оқиғалардың тізбегі арқылы қарауға жасаған талпынысымыз. Цифрлық әлемде өмір сүріп, ақпарат алып отырған өскелең ұрпаққа еліміздің тарихын хронологиялық ретімен, қарапайым әрі оңай сөздермен түсіндіруге тырыстық. Алға қойған мақсатымыз – тарихты түсінікті, анық, артық пафоссыз және, ең бастысы, шынайы сөзбен баяндау болатын. Біз өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Елімізде елеулі тарихи оқиғалар орын алуда. Ел дамуындағы жаңа кезеңнің куәсі болып отырмыз. Біздің командамыз Қазақстанның барлық басты оқиғаларын бейнелеуге талпынды. Қазақстан мен оның астанасының қалыптасуы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты екені сөзсіз. Оның қала мен республиканың дамуына сіңірген еңбегі шексіз», – деп атап өтті Думан Қожахметов.

«Астана – Нұр-Сұлтан» веб-деректі жобасы 1991 жылдан 2019 жылға дейінгі барлық елеулі оқиғалар мен мұрағаттық фото және бейнематериалдардан құрастырылған. Мультимедиялық веб-деректі жоба форматы қолданушыны мемлекет қалыптасуының алғашқы қадамдарынан бастап елорданың Нұр-Сұлтан атауына ие болған күніне дейінгі хикая атмосферасына толықтай еліктіреді.

Жобаның ең басты артықшылығының бірі – ақпаратты мультимедиялық цифрлы форматта қабылдайтын өскелең ұрпақ үшін ыңғайлы мәлімет көзі болуында.

Веб-деректі жобаны қазақ және орыс тілдерінде Astana-Nursultan.web-doc.kz сілтемесі бойынша көруге болады.

Оқи аласыздар:

Нұр-Сұлтан қаласы туралы қазақстандықтар не дейді?

 




Яндекс.Метрика