Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Астанада 2017 жылға дейін 1,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

2017 жылға дейін Астанада «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы шеңберінде шамамен 1,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға беріледі, деп хабарлады қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов халыққа есеп беру кездесуінде.
Астана қаласы20 Ақпан , 00:00

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша жұмысты жалғастырамыз. Атап өткенімдей, 2017 жылға дейін осы бағытта 1,3 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған», - деді И.Тасмағамбетов.

Сонымен қатар, тұрғын үй қорын ұлғайтудан бөлек, әлеуметтік объектілер желісі кеңейтіледі. 2017 жылға дейін қалада 50 балабақша салу жоспарланған, бұл 12 000 мектепке дейін білім алу орны мен 30 мектепке 36 000 орынның жетіспеушілігін қысқартады. 

Оған қоса, денсаулық сақтаудың 15 нысаны пайдалануға беріледі, оның ішінде 750 рет баруға арналған 5 алғашқы медициналық көмек орталығы, ауысымына 1000 баруға арналған 3 амбулаторлық емхана кешені және 1000 төсек/орынға арналған 4 стационар.

Және де, 2017 жылға дейін қаламызда 12 ірі кәсіпорын пайда болады, олардың ішінде фармфабрика, аффинаж зауыты және жедел тамақтану өнімдері комбинаты. 

Айта кету керек, бұл жұмысты 2017 жылы өтетін халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізгенге дейін жасап бітіру жоспарланған.




Яндекс.Метрика