Халықаралық интеграция

Қытай мен АҚШ елшілері Ақордада

АҚШ елшісі сенім грамотасын табыстады. Ал Қытай елшісімен екі жақты қарым-қатынас талқыланды.
Нұр-Сұлтан27 Наурыз , 18:11

АҚШ елшісінен сенім грамотасын қабылдау рәсімі барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозерді еліміздегі дипломатиялық қызметінің ресми түрде басталуымен құттықтады. Сондай-ақ, екі жақты қарым-қатынастарды нығайту үшін осы оқиғаның маңызды екенін айтты.

"Біз Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі деңгейін жоғары бағалаймыз. Мемлекеттің жаңа басшысы ретінде маған білдірген жылы лебізі үшін АҚШ Президенті Дональд Трампқа ризашылығымды айтқым келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Уильям Мозер Мемлекет басшысына алғыс білдіріп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың былтыр Америка Құрама Штаттарына жасаған сапары аясындағы екі жақты ынтымақтастықтың перспективаларын ерекше атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Уильям Мозердің  жұмысы елдеріміз арасындағы достық пен өзара сенімді одан әрі нығайтуға септігін тигізетінін айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті.

Президент Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, екі ел халықтарының игілігі жолындағы байланыстардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Төтенше және өкілетті елші Чжан Сяо Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуіне байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтауын жеткізіп, достық пен стратегиялық серіктестік рухындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыта түсуге күш салатынын айтты.

Оқи отырыңыз:

Бір белдеу – бір жол: 5 жылда Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы қалай дамыды

 

Қазақстан мен Қытай 13 миллиард доллардан астам қаржы көлеміндегі 40-қа жуық құжатқа қол қойды

 

Таныс шекарадағы трансшекаралық өзендер мәселесі

 

Қытай қазақстандық бидайдың жоғары сапасын атап өтті - видео

 

Си Цзиньпин: Шанхайлық рух - ШЫҰ даму кепілі

Дональд Трамп: Наурыз құтты болсын!

Нұрсұлтан Назарбаевты АҚШ-та қалай қарсы алды

Н.Назарбаевтың АҚШ алғашқы сапары - видео

 




Яндекс.Метрика