Басқару

Әсет Исекешев Елбасының қасында жұмыс істейді

2018 жылдың 10 қыркүйегі күні Әсет Өрентайұлы Президент әкімшілігіне басшы болған еді. Алайда, Қ. Тоқаевтың Ақордаға келуімен ол өз орнын Бақытжан Сағынтаевқа босатып берді.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 23:20

"Ұлт Көшбасшысының Шешімімен Әсет Исекешев "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының" Атқарушы директоры болып тағайындалды", - деп көрсетілген Ақорда таратқан мәлімдемеде.

Әсет Исекешев 1971 жылы 17 қазанда дүниеге келген.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған.

Әр жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, Астана қаласының әкімі болды.

Ағымдағы жылдың 24 наурызында Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды. Оның орнына бұрынғы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев келді.

Оқи отырыңыз:

Назарбаевты Вашингтонда қалай қарсы алды - видео

Зиялы қауым: Елбасы Түркістанның жаңа дәуірін бастады

А.Мамин: Түркістан - түркі дүниесінің орталығы

Өңірлер: Түркістан облысында қандай нысандар ашылады?

2019 жылғы бюджет кірісі 7 трлн теңгені құрамақ – Р.Дәленов

Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке келді

Жастар жылы Түркістан облысында қандай тың жобалар пайда болады?

Түркістан облысы қалай дамып жатыр?

Тұңғыш Президент күні: Мерекенің халықаралық маңызы

 




Яндекс.Метрика