Басқару

Кәлетаев Президент әкімшілігіне келді

Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 18:41

"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын", - делінген Президент Жарлығында.

Мемлекет басшысы тиісті құжатқа бүгін қол қойды.

Дархан Аманұлы осыған дейін ҚР Қоғамдық даму министрі болды.

Ал Үкімет таратылған соң Асқар Мамин басқаратын министрлер кабинетінің кеңсесіне жетекшілік ете бастаған еді.

Әр жылдары Дархан Кәлетаев "Нұр-Отан" ХДП төрағасының орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Оқи аласыздар:

Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті

Назарбаев моделі

Үкімет пен Ұлттық Банк мәлімдеме жасады

Жарық күндегі найзағайдай тосын жайт – Б.Тілеухан

Тәуелсіз елдің алғашқы басшысы болу мәртебесі бұйырды - өнер қайраткерлері

Шавкат Мирзиёев: Н.Назарбаев - ұлы саясаткер

 



Яндекс.Метрика