Халықаралық интеграция

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптестерімен сөйлесті

Түркия, Тәжікстан, Армения, Грузия басшылары өздерінің жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Нұр-Сұлтан22 Наурыз , 15:00

Режеп Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру және ынтымақтастықты дамыту ісінде ерекше рөл атқарғанын атап өтті.

Тараптар бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Мамука Бахтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, Қазақстанды одан әрі өркендету жолында табыс және зор жетістік тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Мамука Бахтадзеге ризашылық айтып, Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастар екі ел халқының игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысын Армения Республикасының Президенті Армен Саркисян да құттықтады.

Ресми Ереван Қасым-Жомарт Тоқаевтың жауапты қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Армен Саркисянға құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның Армениямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы саяси бағыты өзгермейтінін айтты.

Тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтті.

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға ризашылық айтып, Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығы одан әрі қарқынды дами түсетіне сенім білдірді.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Оқи отырыңыздар:

Қазақстан мен Орталық Азия ынтымақтастығы қалай дамиды?

ҚР Қорғаныс министрлігі: Әскерилеріміз БҰҰ бітімгершілік операцияларын бақылайды

Қазақстан-Қытай: жастар мәселесіндегі партияаралық ықпалдастық

Мемлекет басшысы Астанадағы «Наполеон. Өмір, Аңыз» көрмесіне барды

Қазақстан әлеуметтік мемлекет пе?

Н.Назарбаев: Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру маңызды

Әлемнің барлық ядросыз аймақтары арасындағы ынтымақтастықты жандандыруымыз қажет – Қ.Әбдірахманов

 




Яндекс.Метрика