Болашақтың біртұтас ұлты

Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Ұлы Дала Елін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын "Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен" құттықтады.
Нұр-Сұлтан21 Наурыз , 22:17

"Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бәрімізді қуаныш пен сүйіспеншілік сезіміне бөлейтін бұл мереке – бейбітшілік пен жақсылықтың нышаны. Оның философиялық мәні зор және бүкіләлемдік мәдени сипаты бар.

Көне заманнан бастау алатын осынау мейрам жаңару мен жаңа өмірдің басталу сәтін сипаттайды.

Наурыз – рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы.

Бұл мереке өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкеледі.

Бүгінде Наурыз – ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасындағы достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрам.

Оның мәңгілік мәні – ең жоғары құндылығымыз бен ортақ байлығымызды – халықтың ынтымағын бекемдеу.

«Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді халық даналығы. 

Әз-Наурыз әр отбасына бақ-береке әкелсін", - делінген ҚР Президентінің құттықтауында.

"Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументінің алдында орналасқан этноауылға барды. 

Этноауыл аумағында театрландырылған көріністер, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, қолөнершілер көрмесі және ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар ұйымдастырылды.

Елбасы мен Қазақстан Президенті елорда қонақтарын және тұрғындарын, сондай-ақ, барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бақ-береке тіледі", - деп хабарлайды Ақорданың Баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Тәуелсіз елдің алғашқы басшысы

Президент Сенат отырысына қатысты

К.Мәсімов пен Н.Ермекбаевқа әскери атақтар берілді

Кәсіпкерлер қауымы Тұңғыш Президентке алғыс айтты

Шавкат Мирзиёев: Н.Назарбаев - Ұлы саясаткер

 

Жарық күндегі найзағайдай тосын жайт – Б.Тілеухан

1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қалай өзгереді

 




Яндекс.Метрика