Басқару

Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының алдында Ант берді.
Нұр-Сұлтан20 Наурыз , 12:13

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ,  елдің жаңа Президенті Қ.Тоқаевқа Президент куәлігі тапсырылды.

«ҚР Конституциясының 48-бабына сәйкес, Сізге Президент куәлігін, омырауға тағатын белгісін және байрағын, «Алтын қыран» орденін тапсыруға рұқсат етіңіз», - деді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев. 

Айта кетейік, 19 наурызда Еллбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдаған болатын.

«Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер.Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын.Бірақ, бүгінгі үндеудің маңызы зор.Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл ­– оңай шешім емес.Биыл еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметімді атқарып келе жатқаныма 30 жыл толады.Халқым маған тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болу мүмкіндігін берді», - деген еді ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев.

Оқи аласыздар: 

2019-03-19: Астана уақытымен 19:00 Президент өз өкілеттілігін тоқтатты

Үкімет пен Ұлттық Банк мәлімдеме жасады

Назарбаев моделі

 




Яндекс.Метрика