Басқару

Елбасымен бірге Қазақстанның шаңырағы биікке көтерілді - А.Қарымсақов

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қатысты ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ директоры Арнұр Қарымсақов Елбасымен бірге жүріп өткен жолда Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің шаңырағы биікке көтерілгенін жеткізді.
Нұр-Сұлтан21 Наурыз , 17:12

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  қоғам алдында Қазақстан халқына арналған мәлімдеме жасап, өзінің жаңа міндетін атап айтты.  Дәл осы сәтте қимастық сезіммен тебірене отырып, шексіз алғысымды білдіргім келеді. Елбасымен бірге жүріп өткен жолда Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің шаңырағы биікке көтерілді. Мен үшін Елбасы халқының өсіп-өркендеуін әрқашан ең басты қағида ретінде ұстанып, әрбір шешімін мемлекет пен халықтың мүддесіне қызмет еткен көреген басшы. Әлі есімде 1996  жылы «Дарынды балалармен кездесуіне» мені арнайы шақырған болатын. Сол сәтте ол кісінің әрбір қадау-қадау сөзінен ұлтына, қазағына деген сүйіспеншілікті ұқтым, ұғып қана қоймай, елімнің, ата-бабаларымыздың бақытты ұрпағы болғанымды ерекше мақтан еттім», - деді ол.

Сондай-ақ, ол елдің  ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұратынын айтты.

«Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей алып шығу үшін де үлкен қажыр-қайрат пен ұлтына, қазағына деген сүйіспеншіліктің арқасында  әлем биігінен көріндік. Әсіресе,  ұлттық тарихымызды жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеу және тарихи сананы жаңғырту үшін  «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі» сынды жобаларымызбен ұлттық тарихымызды түгендеп, құндылықтарымызды ұлықтауға күш салды. Елбасының сындарлы саясатының арқасында мәңгі ұлт болып тарихта қалатынымыз аян», - деді А.Қарымсақов.

Аягөз Құрмаш 

Оқи аласыздар: 

Үкімет пен Ұлттық Банк мәлімдеме жасады

Жарық күндегі найзағайдай тосын жайт – Б.Тілеухан

Тәуелсіз елдің алғашқы басшысы болу мәртебесі бұйырды - өнер қайраткерлері

Шавкат Мирзиёев: Н.Назарбаев - ұлы саясаткер

 




Яндекс.Метрика