Басқару

Назарбаев бүгінгі әлем тарихындағы кемеңгер тұлға - А.Мұсақожаева

Қазақстанның Еңбек Ері, әлемдік деңгейдегі өнер иесі, қазақтың скрипкашы қызы, профессор, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөніндегі шешіміне қатысты пікір білдірді.
Нұр-Сұлтан21 Наурыз , 09:23

«Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Байтақ еліміз, тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл ауқатын көтерді. Егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап-ақ, Елбасымыз, жатса- тұрса ойлайтыны да, айтатыны да еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Бар уайымы, халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмау болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналар жолында, не қилы қиындықтар кезінде халқын қолдап, рух-жігерін көтерді. Қазақ халқының құлаған іргесін қайтадан көтеру оңай болған жоқ. Алайда, Нұрсұлтан Әбішұлы бар күш-жігерін елінің аяғына нық тұруына бағыттады».

Сондай-ақ, А.Мұсақожаева Елбасының өз еліне адал қызмет еткеніне айғақ болатын көптеген тынымды істерін атап өтті.

«Елімізге жаңа Астанамызды салып берді. Астана-Қазақстандықтардың мақтанышы, ал Бәйтерек- қазақстандықтардың символы болды. Президентіміздің жоспары бойынша көптеген жаңа  тұрғын үйлер, жаңа бала-бақшалар және жаңа Назарбаев Зияткерлік мектептері салынды және әлі де салынып жатыр. Еліміздің мәдениетін биік көтеріп, Астана-опера, Астана-балет, көптеген спорт кешендері бой көтерді. Қазақ балалары бүкіл әлемге өзінің мәдениетін паш еткізуге мүмкіншілік алды» - деп атап өтті Айман Мұсақожаева.

Аягөз Құрмаш 

Оқи аласыздар: 

Дариға Назарбаева Сенат спикері болып сайланды

Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті

Назарбаев моделі




Яндекс.Метрика