Басқару

Шавкат Мирзиёев: Н.Назарбаев - Ұлы саясаткер

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік әріптестерімен сөйлесті.
Нұр-Сұлтан20 Наурыз , 10:29

Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянмен телефон арқылы тілдесті. Армения Премьер-Министрі Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы өзара табысты ықпалдастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Сондай-ақ, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен көп жылғы достығын, Қазақстан мен Беларусь арасында орнаған тату-тәтті қарым-қатынастарды жоғары бағалайтынын жеткізді.

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді.

Көрші мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтар арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанын ерекше ықыласпен айтты.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты «осындай маңызды шешім қабылдай білетін Ұлы саясаткер әрі Президент» деп атады.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин де ҚР Тұңғыш Президентімен телефон арқылы сөйлесіп өз қолдауын білдірді.

Президенттер алдағы уақытта да тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Оқи аласыздар: 

Тәуелсіз елдің алғашқы басшысы болу мәртебесі бұйырды - өнер қайраткерлері

2019-03-19: Астана уақытымен 19:00 Президент өз өкілеттілігін тоқтатты

Жарық күндегі найзағайдай тосын жайт – Б.Тілеухан

 




Яндекс.Метрика