Басқару

Ақмола облысына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін Президент біраз кадрлық өзгертулер жасады.
Нұр-Сұлтан19 Наурыз , 17:28

Көкшетау қаласының әкімі қызметін атқарып келген Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Ақмола облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Ал бұрынғы әкім Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметіне келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Данияр Айтмұхаметұлы Айтмұхаметов Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Оның орнына Азамат Халимеденұлы Әмірғалиев тағайындалды.

Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Елбасы  Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.

Оқи аласыздар: 

Ерболат Досаев ҚР Ұлттық банк төрағасы қызметіне келді

Жаңа министрліктер құрылды

Үкіметтің жаңа құрамы

Қ.Қожамжаров қызметінен босатылды

 




Яндекс.Метрика