Басқару

К.Мәсімов пен Н.Ермекбаевқа әскери атақтар берілді

ҚР Президентінің Жоғарғы әскери және арнаулы атақтар беру туралы Жарлығы жарияланды
Нұр-Сұлтан18 Наурыз , 21:33

ҚР Қорғаныс министрі мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы генерал-майор шенін иемденді.

Жоғарғы әскери және арнаулы атақтар беру туралы 2019 жылғы 18 наурыз №877 Қаулысына сәйкес, Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа генерал-майор әскери атағы, Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімов 2016 жылдың 8 қыркүйегінен бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметін атқарып келеді. Ол тәуелсіз Қазақстан тарихындағы қауіпсіздік құрылымының 13 басшысы.

Ал Нұрлан Ермекбаев ҚР Қорғаныс министрі қызметіне 2018 жылдың тамыз айында тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

ҰҚК ақпараттық ресурстарды сақтайтын бірыңғай резервтік платформа құрады

Қазақстанға сенімді киберқалқан қажет - Н.Назарбаев

Н.Назарбаев: Қару-жарақтарды технологиялық тұрғыдан жетілдіру керек

Әрбір қазақстандық туған жерін қорғауға дайын болуы тиіс - Г.Әбдіхалықова

Қорғаныс қабілеті жөнінен 50 орындамыз

Қазақстандағы әскери ұшқыштардың жағдайы мүшкіл

Қазақстан мен АҚШ стратегиялық әріптес

Әскери-әуе күштеріне жаңартылған СУ-25 ұшақтары келді

 




Яндекс.Метрика