Басқару

Қ.Қожамжаров қызметінен босатылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ғ.Д. Нұрдәулетовті Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан18 Наурыз , 12:30

«Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалсын», - делінген Жарлықта.

Мемлекет басшысының Жарлығымен  Қайрат Пернешұлы Қожамжаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Қайрат Қожамжаров  2017 жылдың  11 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметін атқарған болатын.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Дастан Шериазданұлы Елеукенов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бахрейн  Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Оқи аласыздар: 

ҚР Премьер-Министрі болып Асқар Мәмин тағайындалды

Ерболат Досаев ҚР Ұлттық банк төрағасы қызметіне келді

Жаңа министрліктер құрылды

 

 

 

 




Яндекс.Метрика