Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу

ҚР ІІМ келелі жиын өтті

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың төрағалығымен Ішкі істер органдары қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңартылған құрамдағы бірінші отырысы өтті.
Нұр-Сұлтан15 Наурыз , 18:41

Азаматтық қоғамның 20 өкілі – белгілі қоғам қайраткерлері заңгерлер, құқық қорғаушылар, журналистер және ҮЕҰ өкілдері қабылданған кеңестің жаңа құрамы 2019 жылдан 2022 жылға дейін жұмыс істейді.

Министр Ерлан Тұрғымбаев Қоғамдық кеңес мүшелеріне белсенді азаматтық позициясы мен ішкі істер органдары қызметіне айырықша назар аударғандары үшін алғысын білдірді. Полиция қызметінің басты ұстанымы –ашықтық пен айқындық. Қазақстандық полиция азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қоғаммен ашық диалогқа әрқашан дайын екенін атап өтті.

Қоғамдық кеңес – бұл полиция жұмысын жақсарту, полицияның халыққа жақын болуы, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа күрес саласында мемлекеттік және үкіметтік емес секторлардың ынтымақтастығын, құқықтық сананы және заңға бағынушылықты арттырудың тиімді құралы болып табылады.

Кеңес қызметі ең алдымен қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді, халық пен полиция арасында өзара қарым-қатынас проблемалары туралы алдымен хабардар болуға мүмкіндік туғызады,- деп атап өтті министр. Сондай-ақ, министр Кеңес мүшелеріне ішкі істер органдарының реформасы туралы айтып берді. Ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.  

Ерлан Тұрғымбаев 54 іс-шараны қарастыратын, 9 негізгі бағыттан тұратын Жол картасын іске асыруда Қоғамдық кеңестің белсенді атсалысатына сенім білдірді.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің төрағасы болып М. Нарикбаев атындағы ҚАЗМЗУ құқықтық әділ сот және ғылыми құқықтық сараптамалар жөніндегі ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі, профессор Марат Қоғамов сайланды.

Жаңа сайланған төрағаның басшылығымен Қоғамдық кеңес ІІО жаңғырту жөніндегі жол картасын орындау мақсатында әзірленген полицияның қызметін бағалаудың жаңа критерийлер жобасын қарады.

Талқылаудан кейін Кеңес мүшелері ішкі істер органдарының қызметін жетілдіруге және нәтижелі реформалауға бағытталған конструктивті ұсыныстар жасады.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандағы балалардың құқықтық қорғалу деңгейі қандай

 

Елбасының халыққа Жолдауы (толық мәтін)

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде сөйлеген сөзі

 




Яндекс.Метрика