Парламент

Көрісу күні ресми мейрам болуы тиіс - сенатор

Сенат отырысында депутат Сәрсенбай Еңсегенов ҚР Премьер-Министрінің атына депутаттық сауал жолдады.
Нұр-Сұлтан14 Наурыз , 17:01

Сан ғасырлардан бері санамызға сiңiстi болып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, бүгiн де кеңiнен аталып, болашақта да үзiлмейтiн атаулы күннiң бiрi, әр жылдың он төртiншi наурызында тойланатын - "Көрiсу мерекесi". 

Осы күнi халық ақ тiлегiн айтып, жасы кiшiлерi үлкендерге арнайы барып, құшақтасып, көрісіп, әрбiр отбасының амандығын, елдiң тыныштығын, істерінің берекелi болуын тілейдi. Әр шаңырақ таңның атуымен дастархан жайып қонақ күтедi, қариялар мен әжелер батасын бередi.

Қытымыр қыстан аман - есен шыкққан халық жердiң бусанып, малдың төлдеп, жемiс теректерiнiң бүршiк жарғанын көрiп алдағы күндерiн жаксылыққа жорып, болашақтың қамын бiрлесе ақылға салады. Көне көз қариялар осы күнi көтерем болып жатып қалған малдың бауырын жерден көтеретiнін айтады.

- "Заманында Көрiсу елiміздiң барлық аймақтарында болған, халқымызға кеңiнен таралған. Бiрақ, әр түрлi себептермен өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап бұл дәстүр кей жерлерде ұмытыла бастаған. Қазіргі мезгiлде, ол Қазақстанның басқа да облыстарына таралып, арнайы ic-шаралар ұйымдастырылып жүр. Бұған әсiресе, батыс өңiрлерiндегi iрi шет елдiк, бiрлескен кәсiпорындар, шет ел азаматтары мен бiрге елдегi барлық этнос өкiлдерi белсене қатысуда. Бүгiн Көрiсу - жекелеген аймақтың немесе  тек қазақ халқының мейрамы емес. Оның аумағы мен ауқымы  өсiп, Елдiң қоғамдык өмiрiндегi ролi арытып келедi. Шын мәнiнде ол азаматтарымыздың дәстурлi түрде аталып өтетiн мерекесiне айналды. Алыс - жақын шет мемлекеттерде жүрген азаматтарымыз да осы атаулы күндi мерекелеп, шетелдiктерге таныстыруда", - дейді сенатор.

Адамды бауырмалдыққа, кiсiлiкке, кiшiлiкке, ізгілікке, жасампаздыққа, жаксылыққа тәрбиелейтін, тамыры тереңге кеткен, халқымзға берері мол, рухани қуаты ерекше-дәстүрлi түрде аталып жүрген "Көрісу күнін" ресми мерекелеу жөнінде пікірлер айтылуда.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына сәйкес, елімізде ұлттык, мемлекеттiк, кәсіби және өзге де мерекелер аталып өтiледi.

Осы заңның 4 бабына сәйкес, кәсіби және өзге де мерекелiк күндер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

- "Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, халқымыздың салт-дәстүрін қолдау және оны дәріптеу мақсатында 14  наурызды Көрісу күні мерекесі деп белгілеу жөнiнде ұсыныс енгіземін және тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма беруінізді өтінемін. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан  Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес, депутаттық сауалды қарау нәтижесі туралы заңмен белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймын".

Оқи отырыңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Көктем мерекесі: Жанға жылулық сыйлайтын көрме

Жастардың басты өмірлік бағдары еліміздің тәуелсіздігі болуға тиіс – Н.Назарбаев

 

 



Яндекс.Метрика