Халықаралық интеграция

Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы өтті

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев және Өзбекстан Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Лазиз Кудратовтың қатысуымен "Қазақстан-Өзбекстан" бизнес-форумы өтті.
Нұр-Сұлтан13 Наурыз , 20:18

Іс-шараның жұмысына мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және екі елдің іскер топтарының 200 астам өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Е.Көшербаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту үшін сауданы ұлғайту, инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту үш негізгі бағыт болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, отырыс шеңберінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен экспорттық әлеуеті туралы, екі бауырлас елдің сауда-экономикалық әріптестігін одан әрі дамытуға бағытталған бірлескен ынтымақтастық пен перспективалар туралы баяндалды.

Бизнес-форум аясында Қазақстан және Өзбекстан кәсіпкерлері арасында B2B форматында екі жақты кездесулер өткізілді, оның шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс, химия саласы, машина жасау және т.б. салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Бизнес-форум Қазақстан Сыртқы істер министрі, «Атамекен» ҚР ҰКП және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Өзбекстанның сауда-өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен өткізілді.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2,488 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 25,3% жоғары. Қазақстаннан экспорт 31,6%  өсіп, 1,643 млн. долларын құраса, Өзбекстаннан импорт 14,8% өсіп, 845 млн. долларын құрады.

ҚР СІМ Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз:

Н.Назарбаев: Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру маңызды

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентін құттықтады

Қазақстан мен Өзбекстан: өзара тиімді әріптестіктің жаңа кезеңі




Яндекс.Метрика