Халықаралық интеграция

Қазақстан және БҰҰ: Ұлы Дала Елінің ұлағаты

Қазақстан Республикасының 2017 - 2018 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметінің негізгі қорытындылары туралы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Мәжілістің үкімет сағатында айтып берді. Министр Қазақстан Елбасы айқындаған 7 басымдықты сәтімен жүзеге асырғанын тілге тиек етті. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның жұмысы туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Нұр-Сұлтан04 Наурыз , 12:15

2018 жылғы желтоқсанда Қазақстан халықаралық бейбітшілік пен қауіп­­­сіздікті сақтау үшін негізгі жауап­кер­шілік жүктелген Біріккен Ұлттар Ұйы­мының басты органы – БҰҰ Қа­уіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде екі жылдық жұмысын аяқтады.

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңе­сі әлемге төнген қауіпті не­ме­се агрессия актісін анық­тау­да жетекші рөл ат­қа­­ратынын айтып, халық­аралық санкцияларды ен­гізуге және БҰҰ қолдауымен әс­кери немесе бітімгершілік опера­цияларды жүргізуге құқылы екенін жеткізді.

«Мұн­­да әлем­­дегі ең шиеленіскен қақ­тығыстар мен дағ­дарыстар талқыланады, ал оның шешімдері халықаралық құқық нормаларына сәйкес БҰҰ  барлық мүше елдері үшін міндетті болып табылады.Қазақстан Республикасы Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы 1 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жолдаған «Қа­уіпсіз, әділ және өркендеген әлем құ­ру үшін жаһандық әріптестікті ны­ғайту жөніндегі Қазақ­станның тұжы­рым­да­малық көзқарасы» атты саяси Үн­де­уін­де көзделген жеті басымдық біз­­дің жұ­мы­сымыздың басты бағдарына ай­налды», - деді Б.Атамқұлов.

Сондай-ақ, министр Қазақстан Елбасы айқындаған 7 басымдықты сәтімен жүзеге асырғанын атап өтті.

Алғашқы бастама  -  Қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау.

«Біз әлемдік қауымдастықтың ядролық қаруды таратпау режи­мін дәйекті ны­ғайту және ке­ңейту арқылы планетаны ядро­лық қарудан арылту бойынша әлем қоғамдастығының күш-жігерлерін шо­ғырландыруды жалғастырдық. 2018 жылы қаң­тарда өткен «Жаппай қырып-жою қаруларын таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі тақырыптық брифингі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қазақстандық төрағалықтың бас­ты оқиғасына айналды.Бұл іс-шара Қазақстан та­рихын­дағы маңызды оқиға болды. Мемлекет басшысы алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңесіне төрағалық етті және осы өзекті мә­селе бо­йынша Қазақстанның сыртқы сая­сатының негізгі басымдықтарын атай отырып, Кеңестің залында қазақ тілінде сөйледі», - деді Сыртқы істер министрі.

Министр осы тақырып бойынша  «Әлем. XXI ғасыр» ма­нифесі рухында ядролық қа­руды таратпауды, жан­жал­дар­дың алдын алудың жан-жақты стратегиясының негізгі элементі ретінде алғаш рет тануға мүмкін­дік бергенін айтты.

«Қауіпсіздік Кеңесі Қазақ­стан­­ның ұсы­­­нысы бойынша, қақтығыстарды рет­теу, қай­да және қашан орынды болса, бола­шақ ұрпақтарды со­ғыс апатынан құт­қару үшін мү­ше мемлекеттердің ор­­тақ мақсат­тарға жету жолындағы күш-жігерін біріктіру арқылы сенімді қал­­­пына келтіру шараларын қамтуы мүм­­кін деген ережелерді құжат түрінде бекіткені маңызды. Бұл постулаттар Төрағаның 2018 жылдағы бірінші мәлім­демесі. Қауіпсіздік Кеңесінің саяси түр­де міндетті құжатына енгізілген», - деді министр.

БҰҰ ҚК мен БА  ресми құ­жаты­на айналған «Әлем. XXI ғасыр» ма­нифесі осы жүз­жыл­дықта әлемді со­ғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның се­беп­терін жоя­­­тын стратегия­ны іске асыруды адам­зат­тың ең басты міндеті ретінде бел­гіледі.

«Бұл рет­те, біз соғыссыз әлем, ең алдымен, жанжалдардың түпкі фактор­ла­рын жою деп түсіндік. Жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер – терроризм, зорлық-зомбылық экстремизмі, көші-қон және өзге де келеңсіз құбы­лыстар экономикалық дағдарыстың, кедей­шіліктің, сауатсыздық пен жұмыс­сыздықтың, халық­ара­­­лық қаржы, сау­да мен даму са­ласындағы жаһандық бәсе­келестіктің салдарлары болып табылады. Осыған орай, Қазақ­станның Кеңес­тегі күш-жігері жаһандық және өңірлік деңгейде әскери текетірес дә­режесін тө­мендету арқылы жа­һан­дық со­ғыс­тың қаупін толық жою және оның алдын алу үшін барынша жағдайлар жасауға бағытталды», - деді министр.

Күрделі келіссөздердің нәти­жесінде Қазақстан 2045 жылы БҰҰ 100 жыл­­дығы қар­са­ңында терроризмге қар­сы және терроризмсіз әлемге қол жет­кізу қа­жеттілігін БҰҰ ҚК ресми құ­­жа­тында көрсете алды. Қауіп­сіз­дік Ке­ңес өзінің саяси мін­детті құ­жатында келесі ұрпақ үшін со­ғыссыз болашақ құ­рудың уа­қыт ше­гіне қатысты барлық мү­ше­лердің ке­лісімін алғаш рет бекітті.

«Бұл идеяны Қазақстан Прези­денті Н.Назарбаев 2015 жылы БҰҰ Бас Ас­самблеясының ме­рейтойлық 70-сес­сия­­сында ұсынды. Жалпы алғанда, Мем­лекет басшысы 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында АӨСШК туралы бастамасын жария етіп, сенім шараларын қолдануды және іске қосуды ұсынғаны мәлім.Әрине, БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңесіндегі және бейбітшілікті сақ­­тау проблемалар жүйесі бо­йын­ша жұмысымыздың көр­нек­ті нәтижесі Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгершілік қызме­тіне қатысуының іс жүзіндегі жаңа кезеңі болды. 2018 жылы қазанда еліміз БҰҰ Ли­ван­дағы Уақытша күштерінде Үндіс­танмен бірге әс­кери қыз­метті өткеру үшін алғаш рет 120 адамнан тұратын бітімгершілік контингент жіберді», - деді Б.Атамқұлов.

Министр тарихи түрде Орталық Азия­­ның ажырамас бөлігі болып табылатын Ауған­­­станға эко­номикалық және әлеу­­меттік да­­муда, бейбітшілік пен қауіп­­сіз­дікке төнген сын-қатерлерге қар­­сы тұруда, сондай-ақ, оның әлеуетін ны­ғай­туға жан-жақ­ты көмек көрсету әр­дайым Қа­­зақ­­станның сыртқы саяси ба­сым­­­дықтарының бірі ретінде қаралатынын айтты.

«Біз Қауіпсіздік Кеңесінде «Қауіп­сіздік пен дамудың өза­­ра тәуелділік үлгісі ретінде Ауған­стан мен Орталық Азияда өңір­лік әріптестікті құру» атты біз үшін және біздің өңіріміз үшін өзекті та­қы­рыпқа министрлер деңгейіндегі ма­ңызды пі­кі­р­таластарды ұйымдастыра ал­дық. Бұл пікірталастар ОА ел­­дерінің сырт­қы істер ми­нистр­­лерінің қатысуы­мен ұйымдас­ты­рылды.Осы пікірталастардың қоры­тындысы бойынша Орталық Азия мен Ауғанстан арасындағы әріптестікті орнату жөнін­дегі, өңірдің экономикалық дамуы­на және Ауғанстандағы ха­лық­аралық тер­рористік ұйым­дардың заңсыз қазметі­нен туын­дайтын қауіп-қатерлерді бә­сең­­детуге жәрдемдесетін Қауіп­сіз­­дік Ке­ңе­сінің ресми құжаты қа­­былданды», - деді министр.

Сонымен қатар, Кеңес жетек­ші ойын­­­­­­шылардың қарама-қайшылығы салдарынан соңғы үш жыл бойы мүм­кін болмаған Қазақстанның Орта­лық Азиядағы ахуал мен біздің айма­ғымыздағы БҰҰ Өңірлік орталығының алдын алу дипломатия бойынша қызметі жөнінде әзірлеген құ­жатын қабылдады.

«Терроризм халықаралық бей­біт­шілік пен қауіпсіздіктің ең басты және өт­кір проблема­ларының бірі болып қа­ла бермек және тұрақты даму мен гума­нитарлық жағдайға теріс әсерін тигізуде. Халықаралық тер­рористік топтардың қызметі әлем­нің көптеген өңірлеріндегі жиі дағдарыстық құбылыстардың драй­вері болып келеді. Сондықтан «ИГИЛ/ДАИШ», «Әл-Каи­да» және «Тали­­бан»­қозғалысы атты ең ірі тер­ро­ристік ұйымдармен қар­сы кү­рес жө­ніндегі Кеңестің санк­ция­лық коми­­­теттерін басқару біз үшін оңай бол­мады. Дегенмен, Қа­зақстан Қауіп­сіздік Кеңе­сінің осы қосалқы құры­лымдарының жұ­­мысына серпін бере отырып өз миссиясын абыроймен атқа­рып шықты деп ойлаймын», - деді Б.Атамқұлов.

БҰҰ мүше көптеген мемлекеттер Қазақстанның терроризмге қар­сы кү­рестегі тиімді жұмысын және Қауіп­сіздік Кеңе­сінің қосалқы органдарын­да табысты төрағалық еткенін мо­йын­дайды.

«Осылайша ҚК Төрағасы Ауғанс­танға, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне (Филиппин, Индо­незия, Малайзия, Сингапур), Өзбек­станға және Ресейге сапар жа­сады. Біздің өкілдігіміз осы коми­теттердің басшылары үшін бүлінген немесе терроризм қаупі бар елдерге сапармен барудың рекордын көрсетті.Терроризмнен азат әлемге қол жет­кі­зу тәртібі кодексінің 2018 жылы қыр­күйекте қабылданғаны осы бағыттағы жұмысымыздың басты нәтижесі бол­ғаны сөзсіз. Бұл құжаттың мәнін қай­та ба­ға­лау қиын. 2015 жылы БҰҰ штаб-пә­терінде айтылған құжатты қа­был­­дау идея­сы Мемлекет басшысына тиесілі. Нью-Йорк­тегі және БҰҰ мү­ше мемлекеттердің астаналарында қа­жырлы еңбекті талап еткен жұмыс­тың нәти­жесінде қазақстандық дип­ломаттар алдына қойған міндеттерін орын­дап, 2045 жылға қарай жоспарланып отырған терроризмнен азат әлем үшін жаһандық коалицияны құруға қол жет­­кізді. Бүгінгі таңда халықаралық коа­ли­­цияға әлемнің 80 жуық мемлекеті кі­реді», - деді ол.

Министр атағандай,  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ағым­дағы күн тәртібінің шамамен 75% Африка­дағы қақты­ғыстарға арналған.

«Қауіпсіздік Кеңесінде атқарғ­ан жұ­мы­сының барысында қазақ­стандық де­ле­гация Африка тақы­рыбына қатыс­ты жүзден аса отырысқа қатысты. Олар­­дың ара­­сында Орталық Африка Рес­пуб­ликасы, Конго Демократиялық Рес­­публикасы, Бурунди, Судан және Оң­түстік Судан, Мали, Ливия, Сомали сияқты елдердегі ұзаққа созылған қақ­тығыстар бар. Африка мен дамушы әлем­нің жеке мәселелері жалпы алғанда, өңіріміздің проблемаларына ұқ­сас. Әңгіме халықаралық терроризмге қарсы күрес, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу мәселелері, гуманитарлық көмек көрсету, жұмыс орындарын құру, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және көптеген басқа да мәселелер туралы болып отыр», - деді ол.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы 2009 жылдан бері іс жүзінде әр­е­­кет еткен ұзақ жылдарға созылған санк­ция­­­ларын алып тастау қазақстандық күш-жі­гердің практикалық нә­тижесі бол­­ды.

Кеңес мүшелері Қазақ­станның БҰҰ штаб-пәтерінде ұсынған жанжалдарды реттеу, алдын алу және олардың негізгі себеп­терімен күресу туралы жаңашыл стратегиясын қолдады.

«Бұл стратегияны әлемнің әр­ түкпі­рінде қолдануға болады және оның үл­гілік стратегия­ болуына барлық негіз бар. Қауіп­сіздік пен дамудың өзара тәуел­ділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ аймақтық тәсілдеме және бірыңғай құры­лым ретінде БҰҰ қызметін штаб-пәтерде және жергілікті жерлерде үйлес­тіру оның негізгі элементі болып табылады. Бұл тұтастай ал­ғанда Ұйымның тиімділігін, ашық­ты­ғын және есептілігін арттырады деп санаймыз. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмы­сында еліміздің тағы бір симво­ликалық, елеулі жолын атап өткіміз келеді. Қазақ­стан кезекті екі жылға сай­­­­ланатын БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұ­рақ­ты емес мүше­лерінің ұлттық туларын ор­нату салтанатты рәсімін өткізу дәс­түрін қа­лып­тастырды», - деді Б.Атамқұлов.

Сыртқы істер министрі  Қазақстан өкілдері БҰҰ Қа­уіп­сіздік Кеңесіндегі екі жыл­ғы жұмысында Қауіпсіздік Ке­ңесінің мыңдаған ашық және жа­бық отырыстарына, БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесі мүшелерінің бейресми кез­десулері форматындағы отыз сегіз іс-шараға қатысқанын айтты.

Сондай-ақ, 115 қарар мен 48 Кеңес Төрағасының мәлімдемелерін қа­был­­дауға үлес қосты. Бұл сандардың ас­тарында біздің дипломаттарымыздың, Сырт­қы істер министрлігі, оның шетел­дер­дегі мекемелері, сонымен қатар, еліміздің басқа да мемлекеттік органдары қызмет­­керлерінің орасан зор жұмысы жатқанын елестету қиын емес.

«Қауіпсіздік Кеңесі мүше­ле­рінің әлем­нің әртүрлі өңір­ле­ріне жасаған он екі да­ла сапарына Қазақстанның қаты­суын ай­тарлықтай атап өту қа­­жет. Бұл тікелей өзде­рінен өңір­­дегі жағдай мен одан кейін шешім қабылдау бойынша ақпарат алу үшін маңызды мәні бар. Еліміздің 2018 жылғы қаң­тар­да Қауіпсіздік Кеңесінде төр­ағалық кезінде Ауғанстанға осындай сапарлардың бірін ұйым­дастырды, бұл ауған әріп­тестеріміздің тарапынан оң қа­был­данды және Ауғанстанның көш­басшысы А. Гани Мемлекет басшысына алғыс хатын жолдады. Біз БҰҰ алаңында белсенді жұмыс­ты жалғастыруға, көп­жақты ынтымақ­­­тастықты қол­дауды, халықаралық дәре­жеде таныл­ған ережелерге негізделген әлемдік тәртіпті сақтауды, жа­һандық сын-қатерлерді бір­лесіп еңсеруді, бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен ортақ дамуға жәр­дем етуді жалғастыруға ниеттіміз», - деді   Бейбіт Атамқұлов.

Аягөз Құрмаш 

Ұқсас тақырыптар: 

Ислам ынтымақтастық ұйымы: Ұлы істе ұяттық жоқ

Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше 56 мемлекеттің сыртқы істер министрі кездеседі

 

 




Яндекс.Метрика