Басқару

Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке келді

ҚР Президенті Өкіміне сәйкес, Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Нұр-Сұлтан01 Наурыз , 00:20

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы дүниеге келген.

Филология ғылымдарының кандидаты, профессор.

Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін тәмамдаған.

1980-1993 жылдары — Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті.

1993-1994 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы.

1997-1999 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы.

1999-2004 жылдары — ҚР Президенті протоколының бастығы.

2004-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті протоколының бастығы — Қазақстан Респубилкасы Президентінің кеңесшісі.

2006-2007 жылдары — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 2016 жылдың қазан айынан бері бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Түркістан облысының әкімі қызметінде болды.

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Қазақ тілі», «Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық», т.б. кітаптардың авторы.

Назарыңызға:

Елбасы Есеп комитетінің төрайымын қабылдады




Яндекс.Метрика